Жолаушылар игілігі үшін

Жаңалықтар
15.05.2018, 16:50
Семей темір жолы бойынша аймақтағы вокзалдар жұмысын жандандыруға көңіл бөлінуде. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың тікелей бастамасымен ағымдағы жылдың басынан бері бірқатар шаралар қолға алынған.  Ең бірінші кезекте жалпы ұзындығы 724 км бас жолды қамтитын бөлімше желісінің бойына тазалық шаралары ұйымдастырылды. Бұл ретте сенбіліктер айы саналатын сәуір айында барша теміржолшылар жұмыла жұмыс жасады. Әрине,  шаһар қақпасы саналар вокзалдарға ерекше басымдық берілді. Мәселен, Аягөз вокзалының қызметкерлері сәуір айында әрбір сенбі сайын санитарлық тазалық шараларын ұйымдастырды.  – Өткен сәуір айы бойы сенбіліктер өткізілді. Вокзалдың ішкі-сыртқы келбетін эстетикалық талаптарға сай ету басты бағыт болды. Сосын, әрине, жолаушыларға көрсетілер сервистік қызметтер сапасын арттыру, түрін көбейту де көзделуде.    Мамыр мерекесінен соң петуния, астра, раушан сынды жұпар иісті гүлдер отырғызуды бастадық. Астана қаласының 20 жылдығына орай жолаушыларға тосын сый әзірлеу де ойымызда бар, – дейді Аягөз вокзалының бастығы Жанар Көкебаева. Бас қаланың мерейтойына орай орын алған тағы бір тың жаңалық сәуір айынан бастап №312-311 Семей-Қарағанды пойызының бағыты ұзартылып, Елордаға дейін қатынайтын болды. Бұл Ақтоғай-Шар телімі аралығындағы станциялар үшін бұрын-соңды болмаған айрықша тарихи оқиға болып отыр. Сондай-ақ, жолаушылар нөпірі мол Семей және Жаңа Семей, Шар, Жаңғызтөбе станцияларындағы вокзалдарда да ағымдық жөндеу жұмыстары биыл ертерек қолға алынып, сенбіліктер өткізу жиілетілген. Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежановтың тікелей қадағалауымен вокзалдардағы қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шаралары да күшейтілуде. Жалпы, Астана тойы қарсаңында жолаушылар үшін жасалынатын қолайлылық әлі де арттырыла түспек.

Қуаныш Қожаев, Семей  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл