Басты көрсеткіш – қозғалыс қауіпсіздігі
Жаңалықтар
22.05.2018, 13:34
Кез келген бөлімшенің табысы станциялар жұмысына байланысты. Жүк тасымалы жоспарын мүлтіксіз орындауға мүмкіндік беретіндей технологиялық үдеріс пен қозғалыс кестесін қатаң сақтап, өз жұмысын тиісті кәсіпорындармен үйлесімді де тиімді етіп құра білген станция үшін алынбайтын қамал жоқ.
Үштөбе станциясын екі жылдан бері басқаратын Ермек Қосшығұлов бір кездері еңбек жолын дәл осы станцияда вагондар қозғалысын реттеуші болып бастаған еді. Сосын станция кезекшісі болды. Пойыз диспетчері, Талдықорған торабы бастығының орынбасары сынды жауапты қызметтерде шыңдалып, қозғалыс саласынының барлық сатысынан өтті.
Әр дүйсенбі станция бастығы Қосшығұловтың кабинетіне осы бекеттегі барлық теміржол мекемелері мен кәсіпорындарының өкілдері жиналып, жолшылар жұмысы, еңбек қорғау, сенбілік өткізу, тұрғындармен кездесу, т.т. ағымдағы мәселелерді шешеді.
Бірінші класты Үштөбе станциясында локомотив және локомотив бригадаларының ауысуымен жүк және жолаушы пойыздарын қабылдап-жөнелту, жүк пойыздарын тарату-құрастыру және тасымалдау құжаттарын рәсімдеудің барлық түрі, сонымен қатар жолаушы тасымалына қатысты барлық операциялар жүзеге асырылады. Жүк багажы мен пошта рәсімдеу, құрастыру жоспарына сәйкес жолаушы вагондарын ағыту мен тіркеу сынды жұмыстар толық атқарылады.
Осындай үздіксіз технологиялық үдеріспен байланысты жұмыс істейтін станциялықтар қозғалыс қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтауды әсте естен шығарған емес. Станцияда 25 кірме жол бар. Олардың бәрі жұмыс істеп тұрған өндірістік мекемелерге қызмет көрсетеді. Сондықтан станция басшылығы кірме жолдар иелерімен өзара іскерлік тиімді қарым-қатынас орнатқан.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында барлық өндірістік көрсеткіштер түгел орындалған. Орташа есеппен тәулігіне 20 жұп пойызы айналымына қызмет көрсеткен. Жүк тиеу – 312 вагонды, ал жүк түсіру 509 вагонды құраған. Үштөбе станциясы үшін негізгі жүк жөнелтуші кварц өндіретін «МК Казсиликон» ЖШС болып табылады, ай сайын орташа есеппен 70 вагон өнім тиейді. Одан басқа станцияға күн сайын келетін түрлі жүктер, соның ішінде құрылыс материалдары, түрлі сұйықтық және көмір отыны, т.т. тиеген вагондар үздіксіз келіп, жанама жолдарда түсіріліп жатады.
– Әрине, ең алдымен станцияның басшылық құрамы негізгі жауапкершілікті өзіне жүктейді, дегенмен біздің ұжымда бәрін басшыға артып отыру деген атымен жоқ, пойыз құрастырушыдан станция кезекшісі, тауар кассирі... қысқасы әрбір қызметкер кез келген жауапкершілікті мойнына алуға дайын, – дейді Ермек Амангелдіұлы. Айта кету керек, соңғы 7 жылдан бері станция жұмысшылары пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген. Бұл – станция ұжымының басты көрсеткіші.
Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алматы
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады