Торқалы тоқсан жаста
Жаңалықтар
22.05.2018, 14:15
Есімі елге танымал теміржолшы ардагер, сұрапыл соғыс жылдары тылда еңбек етіп, ұзақ жылдар теміржол саласында басшылық қызметтерде болған Павел Синица биыл 90 жасқа толып отыр.
Павел Синица қарапайым шаруалар отбасынан. Әке-шешесі Қандыағаш маңындағы Жұрын ауылына қарасты Димитровка совхозында еңбек еткен. Павел де азын-аулақ білім алған соң, ата-анасымен бірге егіс алқабында еңбек етеді. Алайда, Ұлы Отан соғысы жас жігіттің өміріне өзгерістер енгізеді.
«Отбасымызда теміржолшы болмаған. Соғыс жылдары ауыл жастарының тылда еңбек ету керектігі туралы ел басқарған азаматтардың бұйрығы шыққан болатын. Бірақ, теміржолда адам қолы жетіспей жатса керек. Партия мен үкіметтен хатшылар келіп, әскери комиссариат бізге темір жолға жұмысқа тұруымызға тапсырма берді», – дейді Павел алыста қалған балалық шағын еске алып.
Павел теміржолға стрелочник болып жұмысқа тұрады. Бұл кезде ол он төрт-он бес жастар шамасында еді. Сұм соғыс Павел мен оның қатарластарын ерте есейтті. Өз бетімен еңбек ете жүріп ол, теміржол жұмысының қыр-сырын игере бастайды. Тіпті, аз уақытта қызметі де бірте-бірте жоғарылап, мойнына жауапкершілік бұрынғыдан да көбірек артыла түседі.
«Станция кезекшісі, диспетчер, аға диспетчер қызметтерін де атқардым. Қозғалыс және жолаушылар тасымалы бойынша бөлім басшысының орынбасары болып тағайындалдым. Еңбек жолым мені басшылық қызметтерге дейін көтерді», – дейді Павел Синица.
Ол уақытта Ақтөбе жол бөлімшесі кеңес одағындағы ең ірі бөлімшесі болған екен. Өйткені, Орал бөлімшесі Ақтөбе қарамағына кірген. Ал бөлімше басшысының орынбасары болған Павел Павлович Орал бөлімшесіне толығымен жауапты болыпты.
«1969 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) өңірінде жол жұмыстарын игеру керек болды. Маған сол өңірге барып жұмыс істеуге ұсыныс түсті. Бастапқыда мен отбасымды алға тартып, басшылыққа Гурьев өңіріне бара алмайтынымды айттым. Содан бір сапардан үйге оралған бойым еді. Дереу Алматыға, Қонаевқа жетсін деген тапсырма келді. Ертеңіне қабылдау бөлмесінде болуым керек екен. Ал пойыз екі күн жүреді. Содан не керек, Ақтөбеге жанар-жағармай құйдырып алу үшін қонған Одессадан Алматыны бетке алған ұшаққа өңірдегі биліктегі азаматтардың ықпалымен отырып кеттім. Содан Дінмұхамед Қонаевпен кездесуге бардым. Ол сені Гурьевке жіберіп жатырмыз, ал сен бас тартыпсың, бір мәселе бар ма?» дей бергенде, мен баруға шешім қабылдағанымды қалай айтқанымды өзім де білмей қалдым. Маған Қонаев өте парасатты, мәдениетті әрі ақылды адам болып көрінді, сол себептен ол кісінің көңілін қалдырғым келмеді», – дейді Павел ақсақал.
Павел Синица Атырау бөлімшесіне білек сыбана кіріседі. Мұндағы көрсеткіштер пайызы еселеп жоғарылай бастайды. Жүк тасымалы, бөлімше жұмысы, т.б. көрсеткіштер жоспардағыдан асып түседі. Гурьев бөлімшесінің ұжымының ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында Гурьевтегі жүк айналымы 6 жылда 6,8 есе артып, өзіндік құн 2,4 есе төмендейді. Ал еңбек өнімділігі 2,7 есеге көтеріледі.
Теміржол саңлағы 1991 жылы зейнет демалысына шығады. Теміржолды өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналдырған теміржол ардагері ұзақ уақыт үйде отыра алмай, теміржол мекемелеріне барып, теміржолшылармен кездесіп, тәжірибесімен бөліседі. 2001 жылдан бүгінгі күнге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Консультативтік кеңестің мүшесі. Қарт теміржолшы – теміржолшыларға сыйлы, құрметті адам. Павел Синица бүгінде Ақтөбеге жақын маңдағы ауданда тұрып жатыр. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеген теміржол ардагері торқалы тоқсан жас белесінде. Павел Павловичке деніңіз сау болып, жүз жасаңыз демекпіз.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады