Шаған станциясы сенімді қолда...
Жаңалықтар
09.08.2016, 12:39
Семейде кіл жастардан құралған ұжымдар көп. Дегелең – Семей телімінің бойындағы Шаған станциясында да жаңа толқынның қатары мол. Аға буынның орнын алмастырып, саладағы қызметті қолға алған жастар арасында қазіргі күннің өзінде еңбегімен еленіп, жетістікке жетіп жүргендер көп.
Станция бастығы Айдос Тоқтаров – осыдан үш жыл бұрын ғана станция кезекшісі болып еңбек жолын бастаған 29 жастағы жігітке қазіргі күні жауапты қызмет сеніп тапсырылған. Алғырлығымен көзге түскен Айдос өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда. Шағын станция болғанымен тіршілігі қауырт елді мекендегі теміржолшылар өміріне қатысты барлық мәселелерді шешіп отыр.
4-ші класты Шаған станциясында қабылдау-жөнелту жолдары төртеу. Тұйық жолдар да бар. Бірнеше жолаушылар пойызы да аял жасайды. Оның үстіне іргедегі орын тепкен Қаражыра көмір кенішінің маусымдық жұмысы басталған кезде станциядағы сегіз теміржолшының жұмысы қыза түседі. Бұл кезеңде станциядан бір ауысымда 19 жұп жүк тиелген жылжымалы құрам өтеді екен. Көмір тасымалдау маусымы бойы жұмыс бір тынбайды.
– Елдің теріскейі мен күнгейін жалғап жатқан желі біздің станция арқылы өтетіндіктен тасымал қарқыны да жоғары. Біз арқылы өтетін әрбір жүк құрамын кедергісіз өткізу үшін қолайлы жағдай жасау міндетіміз, – дейді жас станция басшысы.
Жалпы, шалғайда жатқан осынау станцияда 70 шақты теміржолшы қоныстанған, олардың денін жолшылар құрайды. Сала қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалы басшылық назарынан тыс қалған емес. Теміржолшылар арасында көпбалалы отбасылар көп. Барлығы да ұжымдық шартқа сәйкес тиісті жеңілдіктерін пайдаланып отыр.
Еңбек қауіпсіздігі – Айбек Заманбекұлының ерекше мән беретін, бұлжытпай атқаратын міндетіне жатады. Теміржолшылардың өмірі мен денсаулығы қашан да басты орында тұратынын жалына ұстайтын жас басшы қарамағындағы аз адамның қолайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға мүдделі. Жазық далада орын тепкендіктен қыс мезгілінде бұл аймақта табиғат аса қатаң. Қарлы боран айлап соғады. Үскірік аязда теміржолшылардың беті-қолын үсік шалмас үшін далаға шығар алдында арнайы жақпамай жағылады. Бұл процесті станция бастығы өзі қадағалап, мұқият назарда ұстайды. Жаздың аңызақ аптабында да солай. Теміржолшылар үшін көлеңке боларлық панажайлар жасалынады. Биыл жауын-шашынның көп болуы масаның жылдағыдан көп болуына себеп болыпты. Қансорғыш жәндіктер әсіресе жаңбырдан кейін бұлт тәрізді қаптап, желі бойында қызметін атқарып жүрген теміржолшыларды шыдатпауға дейін барады екен. Шағандықтар олардан қорғану үшін жұқа дәкеден «маска» жасап алыпты.
Аймақта ірі қара мал ұстайтын шаруашылықтар көп орын тепкен. Сол себепті теміржолшылар атқа мініп, желі бойын төрт-түліктен қорғайды екен. Қазіргі күні бұл бағытта бірқатар шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, жергілікті әкімдікпен бірлесіп, желі бойына шығып кеткен қараусыз малды арнайы орынға қамап, иесіне қомақты айыппұл салу ісі қарастрылуда. Одан бөлек желілік полиция бөлімімен бірлесіп, рейдтік жұмыстар ұйымдастырылады әрі жұртшылықпен кездесулер өткізіледі. Міне, осынау шаралардың барлығында станция қызметкерлері де жүруге мәжбүр. Бәлкім соның нәтижесі болар, соңғы кездері станцияға қарасты аумақ бойынша шұғыл тежелу оқиғалары мүлдем орын алмапты.
Осыдан біраз бұрын күрделі жөндеу жұмыстары өткізілгендіктен станция ғимараты барлық талапқа сай. Биылғы ағымдық шараларды да өз күштерімен жүргізіп, ұядай ғимаратта жастардың белсенді қызмет етуі осындағы аға буын өкілдерін де риза етіп отыр екен. «Жас келсе іске деген, келешек сендердікі» деп жастарға жігер береді аға буын. Қорыта айтқанда, Шаған станциясы сенімді қолда...
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды