Ортақ жобаларды дамытуды көздейді

Жаңалықтар
17.08.2016, 18:52
          Таяуда «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы нысандарын «China COSCO Shipping Corporation ltd» бас директорының орынбасары Хуан Сяовэн жетекшілік ететін делегация келіп көрді.  Қонақтар Алтынкөл станциясын, құрғақ порттың инфрақұрылымын, аталған арнайы экономикалық аймақтың логистикалық  және индустриалдық  аймағын аралады. Бұған қоса олар құрғақ порттағы контейнерлерді қытайлық тар теміржол табанынан (1435 мм) қазақстандық жалпақ жолтабанға (1520мм) ауыстыру үдерісімен танысты. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА – біздің елдердің және компаниялардың экономикалық даму драйвері болып табылатын, қарқынды дамып жатқан аумақ, –  деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев. «China COSCO Shipping Corporation ltd» өкілдері «ҚТЖ» акционерлік қоғамымен стратегиялық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. «Біздің компанияларымыздың Еуразия континентінде логистикалық орталықтарды дамыту жөнінен мүдделері бірдей. Сондықтан біз тоғысу нүктесін тауып, ортақ жобаларымызды дамытуымыз қажет», – деді «China COSCO Shipping Corporation ltd» бас директорының орынбасары Хуан Сяовэн. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА» ЖШС бас директорының орынбасары Хишам Белмаши көліктік-логистикалық хабтың таныстырылымын өткізді.  Соның ішінде Алашанькоу – Достық және Алакөл – Қорғас екі Қазақстан – Қытай шекара өткелдерінде пойыздардың өңделу мерзімі айтарлықтай қысқарғандығы атап айтылды, сонымен қатар жаңа теміржол желілерін іске қосудың арқасында қазақстандық магистральдар бойынша транзиттік құрамның жүру жылдамдығы артқан. «China COSCO Shipping Corporation Limited» ірі мультимодальды компания және  көліктік-логистикалық саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, қуаттылығы  85 млн-нан астам DWT болатын 1114 кемесі, әлемнің ірі порттарында контейнерлік терминалдары бар. Hewlett Packard (HP) компаниясының жобаларды басқару және ғаламдық логистиканы оңтайландыру жөніндегі директоры Рональд Клейвиттің айтуынша, қазақстандық көліктік-логистикалық хаб баламалы технологиялар және сценарий бойынша дамытылуда. Мұнда көргенімнің бәріне көңіл толады. Жобаның қалай дамып жатқаны мені қызықтырды. Былтыр ақпан айында ричстакерлер қолдану арқылы түрлі контейнерлерді қайта тиеу сыналған. Қазір бәрі өзгерген. Темір жолда алып крандармен кәсіби тұрғыда жұмыстар жүргізілуде. Тар жолтабаннан жалпағына қайта тиеу үдерісі бар болғаны 47 минут уақытты алады. Бұл тамаша жетістік. Қазірдің өзінде мұнда Қытайдан Еуропаға бағыт алған жүктердің өте ауқымды көлемі келуде. Болашақта пойыздар саны одан сайын арта түсеріне сенім мол. Қазақстан осындай жобаның Қорғаста дамытылып жатқанына мақтануы керек, – дейді ол. Оның айтуынша, Қорғас құрғақ портының ерекшелігі – бизнестегі жеделділік пен қарапайымдылығында, сонымен қатар кедендік рәсімдер де біршама роль ойнайды. Бүгінде құрғақ порт мемлекет пен, ҚТЖ және KTZ Express тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Осы бағытпен порттың болашағы бұдан да зорая түспек. Қорғас – ауқымы үлкен арнайы экономикалық аймақ, келешекте ол бүтін бір экожүйеге, ірі көліктік-логистикалық хабке айналмақ. Бұл жерден орасан зор теміржол жүк ағымы өріс алып, пойыздар сан алуан нүктелерден келіп, әлемнің барлық нүктесіне аттанатын болады. Мұндағы ең басты ерекшелік, Қорғаста тек теміржол көлігінің келіп, кетуімен қатысты қызметтерді ғана емес, сонымен бірге жүкті сақтау және клиенттерге қызмет көрсетудің басқа да көптеген түрлерін дамытуға болады. Әлемдегі ең ірі жүк терминалдарының бірі болып табылатын DPW (Dubai Port World) сияқты,  Қорғас та – болашақта алып логистикалық орталыққа айналады. НР өкілі ҚТЖ және KTZ Express-пен арадағы тығыз қарым-қатынасты дамыту кезеңінде екендіктерін алға тартты. Бүгінде олар бүкіл әлемге «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты жобасының маңызды әрі перспективалы екенін айтуға дайын екендіктерін жеткізді. Қорыта айтқанда,  «ҚТЖ» және «China COSCO Shipping Corporation ltd» -ның даму стратегиясы Еуразия континентінде тоғысады деп болжам жасауға әбден болады.

                                                                                         Ирина  Бектиярова

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz