Қосымша келісім жасалды

Жаңалықтар
19.08.2016, 16:53
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2015-2017 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қатысты №7 Қосымша келісімге қол қойылды деп хабарлайды аталған компанияның баспасөз қызметі.   Еңбек ұжымы атынан «Қазақстандық автомобиль, темір жол, әуе және су көлігі салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразғали Ахметбаев қол қойды. Бұдан былай Ұжымдық шартта жеке Ереже пайда болды. Бұл Ереже сот органдарына шағым жасамас бұрын жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы жеке еңбек дауларын қарастыру бойынша  Келісім комиссиясының қызметіне арналып отыр.    Жаңа Еңбек кодексінің қолданысқа енгізілуімен Келісім комиссиясы Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары үшін міндетті орган болып қалыптасты. Ендігі уақытта барлық жеке еңбек даулары  бірінші кезекте, Келісім комиссиясы арқылы шешілуі керек, тек жөнге салынбайтын, яғни реттеуге келмейтін мәселелер мен келісім комиссиясының шешімі орындалмаған жағдайда іс сот қаралымына жіберілетін болады, – дейді вице-президент міндетін атқарушы Әділжан Исмухамбетов. Осы ретте, атап өтерлігі, Ұжымдық шарт Ережесіне сәйкес, Комиссия акционерлік қоғамда және оның филиалдарында, қала берді өкілдіктерінде жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдіктерінен сан жағынан тең болып келген құрамда, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Келісім комиссиясы сотқа дейінгі Ұжымдық және еңбек шарттары бойынша міндеттердің орындалуына қатысты даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіпте  қарастырады. Осы ретте, Келісім комиссиясына, жұмыскерлерді аттестациялау, өтемақы төлеу, басқа жұмысқа алмастыру, еңбек жағдайының, жұмыс уақыты режимінің, еңбек тәртібінің өзгеруі, тәртіптік төлемақы салу, жұмысқа қайта орналасу сияқты еңбек заңнамасын бұзған мәселелер бойынша шағым жасауға болады. Ал өз кезегінде Келісім комиссиясының шешімі шұғыл орындалуы тиіс.

Нұрбек БЕКЕН

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады