Алматы – Шу арасы қызу құрылыс...

Жаңалықтар
19.05.2016, 15:45
Оқуға 3 мин
Ағымдағы жылдың көктемінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Алматы-1 – Шу бағытындағы темір жол телімінің екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру басталды. Тоғыз жолдың торабына орналасқан Шу станциясынан 15 шақырым қашықтықтағы Кемер станциясынан бастау алған бұл құрылыс салаға жан бітірді. Жалпы Елбасының «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасына сәйкес салынып жатқан Алматы – Шу темір жолының екінші желісінің құрылысы Қазақстан үшін маңызы зор жоба болмақ. Осы жоба аясында 110 шақырым жол төселіп, 16 станция жаңартылуда. Жүзден астам инженерлік құрылғы бой көтеруде.  Жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалының көлемі артады. Пойыздар қозғалысы өсіп, оның қатарында жүк пойыздарының жылдамдығы бір жарым есеге артады. Құрылыс барысында 1400-ден астам адам жұмыспен қамтылса,  пайдалануға берілген соң да қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ  Алматы – Шу учаскесіндегі екінші темір жол желісі құрылысының басталуы Жамбыл облысының да әлеуметтік-экономикалық бағытта өркендеуіне өз септігін тигізіп отыр. Өйткені, темір жол – ел экономикасының күретамыры. Кез келген мемлекеттің экономикалық даму үрдісін сөз еткенде, міндетті түрде жол мәселесі алға шығады. Елбасы барлық аймақ әуе, темір жол, тас жолмен өзара тығыз байланысуы керек деп айта келе, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған инфроқұрылымдық дамудың бірнеше бағытын ұсынды. Оның қатарында әуе және темір жол, автомобиль жолдарының инфроқұрылымын дамытуда бірқатар тапсырмалар берді. Осы тапсырмалар аясында салынып жатқан Алматы-Шу темір жолының екінші желісінің құрылысы өңірде темір жолдың даму тарихын ары қарай жалғастырмақ. Өйткені, бүгінде ел экономикасы дамып, темір жол тасымалына сұраныс өсті. Ал, темір жолдың осы учаскесінің өткізу қабілеті тәулігіне 24 пар жүк тасымалдау пойыздары көлеміне жетіп отырса, бұдан басқа 27 пар пойыз жолаушылар тасымалы. Соңғы кездері жолаушылар пойызының, әсіресе жүйрік пойыздар көлемінің артқанын ескерсек, темір жол саласына жүктелген міндеттердің қаншалықты жауапты екендігін ескеруге болады. Осы тұрғыда жаңадан екінші темір жолдың іске қосылуымен жүк тасымалдау көлемі үш есеге ұлғайып, жол жүру мерзімі екі есеге азаятыны қуантуда. Бұл стратегиялық маңызы зор жоба ел экономикасының сұранысын қанағаттандырумен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтеруге, жол қауіпсіздігін нығайтуға мол мүмкіндіктер береді. Мұндай жол құрылыстары тек аймақаралық қатынастарда ғана емес, облыс экономикасының басқа да салаларын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде темір жол халықтың бақуатты тірлігінің көзіне айналды. Жамбыл өңірінің темір жол өтетін аймақтарында 80 мың адам тірлік етсе, соның 12 мыңы темір жол саласында тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды