Су сапасына сын жоқ

Жаңалықтар
24.08.2016, 11:56

Еліміздің батыс және оңтүстік облыстары арасын жалғайтын жолаушылар пойызының дені Шалқар станциясына аялдайды. Сәйкесінше, жолаушыларға қажетті ауыз су да вагондарға осы станцияда құйылады. «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалы Шалқар сумен жабдықтау телімінің шебері Айболат Дәуітовтің айтуынша, биыл диаметрі 30 миллиметр болатын 200 метр құбыр сатып алынған. – Станция арқылы тақ күндері 6-7 пойыз өтеді, жұп күндері 5 пойызға дейін тоқтайды. Аялдау уақыты орташа алғанда 15-20 минутқа созылады. Негізінен «Ұлы борсық» ЖШС ауыз суын пайдаланамыз, су сапасы жөнінде осы кезге дейін шағым болып көрген емес, керісінше біздің суды мақтайды, – дейді Айболат Дәуітов. Телім шеберінің есебінше, бір вагонға шамамен 1 текше метр су кетеді. Ал бір жолаушылар пойызының құрамында 20 вагон деп есептегенде 20 текше метр су айдалады. – Шалқар сумен жабдықтау телімінде бүгінде барлығы 28 адам қызмет етеді. Жалпы, перронға 22 вагонға дейін сыяды. Барлығы 20 құдық бар, – дейді телім өкілі. Айтса айтқандай, Шалқар суының сапасына сын жоқ. Кезінде «Шалқар суы» деген брендпен құйылатын минералды судың дәмін көпшілік ұмыта қоймаған шығар. Сондықтан жолаушылар ғана емес, жақын маңдағы тұрғындар да Шалқар станциясында вагондарға құйылатын суды тұтынуға тырысады екен.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды