Теңіз бен түз тоғысқанда
Қазақстанның бірден-бір теңіз қақпасы болып табылатын Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Бүгінде Елбасының тапсырмасымен Каспий жағасында тағы бір порттың іргетасы қалануда. Ол – Құрық порты.
Қазақстанның арнайы экономикалық аймағына айналып отырған Ақтау халықаралық теңіз сауда портының негізгі қызметі – түрлі құрғақ жүктер, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін шет елдерге шығарады. Маңғыстау өңірінің көлік кешенінің негізі болып табылатын Ақтау порты Қазақстанның көлік инфрақұрылымында ерекше орын алады. Ақтау портының қолданыстағы порт инфрақұрылымын кеңейту, шикізат пен мұнай құю жүктерін экспорттық әлеуетін күшейту және мемлекеттік бюджетке түсірілімдерді көбейтіп, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету бағытында соңғы онжылдықта аса ауқымды жұмыстар атқарылып, қыруар инвестиция тартылды. Бүгінде «Ақтау теңіз порты» еліміздің инфрақұрылымдық жобаларының қарқынды дамуына ерекше ықпал етіп отыр. Қазақстандағы арнайы он экономикалық аймақтың біріне енген порт өз әлеуетін жоғары технологиялар мен импорт алмастыру бағытында арттырып жатыр. Оның ішінде портты солтүстік бағытқа қарай кеңейту жұмыстары үздіксіз жүруде.
Жуырда Ақтау портында отандық астықты экспортқа шығарудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ ҰК президенті Михаил Ялбачев мәлім етті. Порт басшысының айтуынша, Иранға баратын жол екі тәуліктен тұрады. Ол жақтан Түркістан және Бекет ата кемелері құрылыс материалдары және басқа да құрғақ жүктермен оралады. Қазақстандық су көліктері көрші мемлекетке бір айда үш рет қатынайды.Порт президенті Ялбачев портты солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстары 2016 жылдың І тоқсанында аяқталатынын айтты. Кеңейту жұмыстарының нәтижесінде жүк тиеу қарқыны жылына 3 млн тоннаға артпақ. Осылайша, еліміздің теңіз қақпасының жүк тиеп түсіру қуаттылығы 19 млн тоннаға дейін жетіп, транзиттік тасымалдың әлеуеті күшеймек.
Елбасының тапсырмасымен бой көтеріп жатқан екінші порт, мұнай құятын жүктерді тасымалдау бағытында жоспарланған жаңа паромдық кешеннің құрылысын үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған болатын. Заманауи паромдық кешенді қажетсіну Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне орай күннен күнге ұлғайып отырған жүк ағындары мен өңірдегі паромдық ауыстырып тиеу қуаттылықтарының тапшылығынан туындаған. Осы орайда, толық әрі жан-жақты талдау жүргізіліп, теңіз инфрақұрылымы үшін оңтайлы екені ескеріліп, Құрық елді мекенінен жаңа паромдық кешен салу қолға алынды. Жалпы Құрық атауының өзі теңіз операцияларының сәтті орындалатындығына орай қойылған екен. Кеме қайырлап қалмайтын өзегі бар, жағалауы терең болғандықтан алып кемелердің өзі жағасына дейін емін еркін жүзіп келіп, зәкірін тастай алатындығы үшін тура осы аумақта осыдан сан ғасыр бұрын сауда кемелері желкен керіп, Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақ жерінде сауда керуендері жүріп өткен. Ғасыр жобаларының санатына енетін Құрық портының құрылысының салынуы, оған апарар Боржақты – Ерсай темір жол желісінің іске асуы – Ұлы Жібек жолының қайтадан жаңғыруы десе де болады. Сарапшы мамандардың пікірінше, Каспий теңізінің жағалауында паромдық кешеннің құрылысын салу Еуропадан Кавказ және Орталық Азия арқылы Қытайға және Қиыр Шығысқа дейін тартылған темір жол мен автомобиль жолдарының тізбегін тұйықтау, Еуропа, Қытай, Кавказ, Қиыр Шығыс елдерінің арасында негізгі транзиттік мемлекет ретінде танылу үшін қажет.
Бүгінгі күні Құрық портын салу үшін қызу да қарабалас жұмыс еш тоқтамастан жүріп жатыр. Темір жолдың портқа кірме телімдері төсеу үшін, жер қабатын жарып, топырақ шығару жұмыстары жасалуда. Сондай-ақ, порт аумағына жылына 23-32 млн тоннаға дейін жобалық қуаты бар мамандандырылған мұнай құятын терминал құрылысы да жоспарланып отыр.
Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды