Төңкеріс – Шортанды: 21 км күрделі жөндеуден өтуде
Жаңалықтар
26.08.2016, 12:04
Солтүстіктің таңғы және кешкі салқыны күздің келе жатқанын сездірткенімен жаздың соңғы күндері әлі де шуақты, жылы болып тұр. Соны пайдаланып астаналық жолшылар биылға жоспарланған 81 км темір жолдың күрделі жөндеуін 3 перегонда жүргізіп жатыр.
Солардың бірі, Төңкеріс – Шортанды аралығында «толаскез» алып, жұмыс жасап жатқан жолшыларға түскі ас ұйымдастырған кәсіподақ өкілдерімен бірге барып, сонау 1989 жылы салынғалы жөндеу көрмеген темір жолды жаңарту жұмыстарымен танысып қайттық. Астана – Бурабай теліміндегі Төңкеріс – Шортанды перегонында «Ағадыр» ПЧМ мен Астана УПЧ-17 мекемелерінің жолшылары қызу жүргізіп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына куә болдық. 17 тамызда басталған алғашқы «толаскезден» кейінгі бұл үшіншісі. Таңғы алтыдан кешкі алтыға дейін 12 сағатқа созылатын «толаскез» уақытында ағадырлық 40 және жол дистанциясының 20 жолшысы осы бағыттағы екі тармақ күре жолдың жұп жолының 21 шақырымының ескі шпалдарын темір-бетон түріне ауыстырып, арнайы техникаларымен жолды көтеріп, әр толаскезде 1, 1,5 км жолды жаңартып келеді. Биыл бұл жолдардың өткізгіштік қуаты млрд бруттоға жетіп, арнайы нұсқаулық талаптарына сай жолды жаңарту керектілігі анықталған.
Қаптаған техника мен құжынаған адам жұмыс істеп жатқан жерден барлық басшыларды кездестірдік. Ақмола жол бөлімшесі «Магистральдық желілер дирекциясы» филиалы директорының орынбасары Жанат Әлжанов жөндеу жұмыстары өз мерзімінде, сапалы орындалып жатқанын жеткізді.
Күн аралатып «толаскез» жарияланып тұр. Жөндеу жұмыстары келесі айдың аяғына дейін созылып, осы аралықта барлығы 27 «толаскез» болады. Сол уақытты ұтымды пайдаланудамыз. Мұнда әдеттегідей ескі жолды бұзу, жол төсемдерін төсеу, жаңа жол салу жұмыстарын «Ағадыр» ПЧМ жұмысшылары жасаса, қалған ескі жол материалдарын жинау, жолдан пойыз өткен кездегі қауіпсіздікті сақтау, жол сапасын тексеріп, қабылдап алу, жаңаланған жолдардан «толаскез» жабылғанда пойыздардың өту жылдамдығын нақтылау біздің мойнымызда. Жалпы біздің бөлімше бойынша үш жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүруде, – дейді ол.
Жолдың бұл теліміне бір ауыл көшіп қонғандай. Күре жолдың ұзына бойы мен айналасы сары жолақ формалы жолшылар, жол төсемдерін тегістеп, қиыршық тастарды төгетін 5 трактор, ескі жолды көтеретін және жаңа шпалдарды төсейтін, сонымен бірге жол төсемдерін нығыздайтын рельс үстіндегі алып техникалар, жұмысшыларды таситын көліктер қаптап кеткен.
Пойыз астында адамдардың қалып қоймауын, жолды қоршау тәртібін, жолда бөгде заттардың болмауын, техниканың өз уақытында габаритке келтірілуін қадағалап, басқа да қауіпсіздік талаптарын сақтап отырмыз. Мұнда Астана ірілендірілген жол дистанциясының 20 жолшысы, рельстердің қисық жол бұрылыстарында дұрыс төселуін қадағалайтын 3 инженері, 2 жол шебері жұмылдырылған. Күрделі жөндеуге қажет материалдарды біз береміз. Темірбетон шпалдар мен барлық қыстырмалары Алматы жақтан «Магнетик» деген фирмадан келеді, ал қиыршық тас Вишневка ауылынан жеткізіледі. Бұл телімге шамамен 52 мыңдай жаңа шпалдар кетеді. Ал ескі ағаш шпалдарды жинақтап, ішінен сәл жарамдыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына пайдаланамыз, – дейді Астана УПЧ-17 директорының орынбасары Серік Айқынбеков.
«Ағадыр» ПЧМ жұмысшылары өздерімен бірге жүретін жылжымалы құрам вагондарында тамақтанып, түнесе, УПЧ-17 жолшылары өздерімен ала барған түскі астарын ішіп, кешкі алтыдан кейін бірқатары Төңкеріс, Шортанды станцияларындағы өз үйлеріне, алыста тұратындары Төңкерістегі он адамдық модульдерде қонады. «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сарсекеевтің айтуынша, жолшыларға арналған жатын орын кешені – модульдер арнайы асханалық, жатын және жуынатын бөлмелерден тұрады.
Биылға барлығы 81 км жолды күрделі жөндеу жоспарланған болса, соның 21 км осы телімде, қалғандары Петропавл бағытындағы Теңіз – Тайынша перегонында және Атбасар жақта Астана – Жайнақ перегонында жасалуда. Осы үш бағыт бойынша бүгінде 81 шақырымның 9 км жөнделіп болды, жалпы барлық жұмыстарды келесі айдан қалмай аяқтау жоспарланған.
Райхан Рахметова,
Астана
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады