Талап – халықаралық стандарт

Жаңалықтар
19.05.2016, 16:18
Оқуға 3 мин
«...ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді».- дейді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» халыққа жолдауында.  Қазір бұл жобаның сәтті жүзеге асырылып жатқанын көреміз. Оның айқын дәлеліне, өткен айдың соңына таяу Астана халықаралық әуежайында бизнес-авиация терминалының ашылуын атар едік.  Осыдан екі жыл бұрын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «KTZ Express» АҚ ұлттық мультимодальдық тасымалдау операторымен әуежайлар желісін басқару ісін жүргізетін еншілес ұйым «Airport Management Group» ЖШС құрылғаны белгілі.   Қазіргі таңда бұл компания Zurich Airport International AG-мен серіктестікте республика әуежайларының жұмыс сапасын арттыру, озық әлемдік тәжірибелер, стандарттар мен технологиялар трансферті, трафикті ұлғайту, сервис пен қаржылық жағдайды жақсарту, инфрақұрылымды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруда. Өткен жылдың қыркүйегінде Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда қалалары әуежайларының мемлекеттік акция пакеттері жеті жылға AMG-дің сенімді басқаруына берілген болатын. Ал биылғы жылдың соңына дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарылымындағы Ақтөбе, Атырау, Павлодар қалаларындағы әуежайларды аталмыш компанияға табыстау көзделсе, 2018 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық жекеменшігі қарамағындағы Өскемен, Семей әуежайларын беру межеленген. Сөйтіп, басқарушы компания портфелінде 11 әуежайдың басы тоғыспақ. –Біздің міндетіміз, қарамағымыздағы әуежайларды Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына, яғни, ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестендіру. Сонымен қатар, қаржылық көрсеткіштерді жақсарту және мемлекеттік әуежайлардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Міне, осы мәселелерді оңтайлы шешу үшін AMG, «Zurich Airport International AG» швейцарлық компаниясымен жеті жылдық келісімшартқа отырды. Өз кезегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Цюрих әуежайына таңдау жасады. Себебі, бұл әуежай соңғы он жыл ішінде авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша әлемдік көшбасшы болып отыр. Ал жаңағы қол жеткізілген  келіссөздер шеңберінде  Цюрих әуежайының мамандары өндірістік, қаржылық, әкімшілік және коммерциялық, сондай-ақ, кадр саясаты саласында  жан-жақты қолдау көрсететін болады. Халықаралық тәжірибе мен технологияларды бізге беру үшін аталған компания өкілдері елордаға жиі келіп тұрады. Олар Астана әуежайының базасында қалған алты әуежай өкілдерінің басын қосып, авиациялық қауіпсіздік мәселесі бойынша тренинг те өткізді, – деген «Airport Management Group» ЖШС бас директоры Клод Бадан швейцарлық мамандардың қатысуымен қауіпсіз ұшу, инфрақұрылым және авиациялық қауіпсіздік салалары бойынша әуежайларға кешенді бағалау жүргізілгенін, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және әуежайлар жағдайларын жақсарту бойынша ұйғарымдар берілгенін жеткізді. Осылай, басқарушы компаниялар тобына кіретін әуежайларда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде,  жолаушылар мен жүк тасымалының тұрақты өсімі байқалып, жаңа бағдарлар ашылуда. Қызылорда мен Көкшетау қалаларындағы әуежайларға халықаралық мәртебесі берілген. Сонымен қатар, бүгінде «Airport Management Group» компаниясы   әуежайларға біртұтас қаржылық, статистикалық және басқарушылық есебінің стандартын енгізіпті.  Осы жылдың соңына дейін Цюрих әуежайының интеллектуалдық меншігі мен ноу-хауға бейімделуі, трансферт технологиясы арқылы қызмет көрсету сапасы мен авиациялық қауіпсіздік, ұшу қауіпсіздігі бойынша корпоративтік стандарттарды жасау және енгізу жұмыстарын тәмамдау көзделуде екен. Басқарушы компания басшысының сөзіне қарағанда, аймақтық әуежайларды жаңғырту, бағдарлық желілерді дамыту жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде әуе көлігі қызметтері халық сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік алмақ.        

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды