Тәжірибелерімен бөлісті

Жаңалықтар
26.08.2016, 17:05
Кәсіби біліктілікті шыңдауда тәжірибе сәтіндегі семинарлардың берері мол. Бұл ретте Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша ілкімді шаралар іске асырылуда. Әсіресе, майталман маман атанған теміржолшылардың озық тәжірибелерінен үлгі алу бағытында жетістікті жұмыс бар. Жуырда мұндай шаралардың қатары тағы да толықты. Атап айтсақ, Үшбиік станциясында Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен КТСМ қатыстылығымен СОБ құрылғыларына техникалық күтім жасау және техникалық құжаттандыру ісі бойынша өткен семинар-мектептің  берері мол болғаны анық. Аталмыш шараға Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы, станция бастықтары және телім бойында еңбек ететін электромеханиктер қатысты.  – Байланысшы мамандарды озық үлгідегі еңбекке баулу, біліктіліктерін шыңдап, дистанциядағы жаңашылдықтарға қанықтыру елеулі мәселе. Сол себептен де, мұндай шаралар шалғай станциялардағы теміржолшылар үшін өте қажет, – деп атап өтті семинарды ашқан ШЧ-30 мекемесінің директоры Айдос Жұлдызбаев.            Семинарда Үшбиік станциясы электромеханиктерінің тәжірибелері көрсетіліп, қатысушыларына СОБ құрылғыларын күтімге алу жолдары түсіндірілді. Техникалық құрылғылармен жұмыс істеу тәртібі, батареялық шкафтың эстетикалық келбетін жасау және қатаң сақталуы тиіс техникалық нормалар жайы да сөз болды.  Әрбір жабдық қызметі мен оған жасалатын күтім жайлы мұқият түсіндірген Аягөз белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері, Ерғазы Ережепов қатысушылардың сауалдарына да жауап қайырды.  Осыдан кейін  қатысушылар КТСМ-02 апаратурасымен жұмыс істеу тәртібімен танысты.  Айта кету керек, семинарға кіл жас мамандар жиналған болатын. Сондықтан тәжірибелі мамандардың жастарға айтары көп болды.    Ал қорытынды жиында  шара барысындағы көрсетілген іс-әрекет ортақ талқыға ұсынылды. Шара қатысушылары ұйымдастырушыларға алғысын айта келе, мұндай пайдалы семинарларды алдағы уақыттарда да жиі өткізіп тұру қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, техникалық құжаттандыру ісінде және станцияның эстетикалық келбетін жақсартудағы жетістігі мен СОБ құрылғыларына күтім жасаудағы жетістіктері үшін бірқатар мамандарға Алғыс хат пен кәсіподақ есебінен сыйақы табыс етілді. Ал сала ардагері, 40 жылдай еңбек өтілі бар байырғы электромонтер Мұрат Болсынбаевқа сый-құрмет көрсетілді.  ШЧ-30 мекемесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Еркін Аимов көпшілікке Үшбиік станциясында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, есімдері аңызға айналған теміржолшылар, 545 жыл еңбек өтілі бар Маликариан Түкібаев сынды әйгілі династия өкілдері жайлы әңгімелеп берді. – Бүгінде дистанциямызда еңбек ететін мамандардың 70 пайызы жастар. Қазіргі күні арамызда ұзақ жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкерлерден тек 5-6 маман ғана қалыпты. Аға буын күн санап зейнеткерлікке кетіп жатыр. Сол себептен де жастарға үлгі-өнеге көрсетсін деп аталмыш семинарда алдыңғы толқынға тәжірибелерін ортаға салуды ұсындық, – деді кәсіподақ төрағасы. Бұл ретте, аталмыш шараға арнайы шақырылған Үшбиік станциясында ұзақ жылдар еңбек еткен байырғы электромеханиктер Маликариан Түкібаев, Зұлқұмар Түкібаев, Серіктөлеу Атабаев сынды жандардың өнегесі мол болғаны анық.   Семинар жұмысы жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады