Теміржолшылар ауданында балабақша ашылды

Жаңалықтар
31.08.2016, 10:23
Конституция күні қарсаңында  «Ғасыр құрылысы» атанған Бейнеу – Жезқазған темір жолының Шалқар – Бейнеу телімінде темір жолы құрылысымен қатар салынып басталған балабақша пайдалануға берілді. Өткен сенбіде Шалқар кентінде балабақшаның ресми түрде ашылу салтанаты өтті.  Шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келіп тұрғындар қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ, бұл шараға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе жүк бөлімшесі мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылықтары және жергілікті тұрғындар қатысты. Айта кетейік, балабақша маңында теміржолшыларға арнап салынған әрқайсысы 2 пәтерлі 10 үй бой көтеріп, жаңа жолда еңбек ететін теміржолшылар қоныстанған. Сондықтан балалар бақшасының тәрбеленушілері негізінен осы ауданда қоныстанған теміржолшылардың бүлдіршіндері болмақ, сонымен қатар Шалқардың басқа ауданынан да балалар қабылдауға дайын. Аудандық білім бөлімінің басшысы Рита Басмағамбетованың айтуынша, бүгінде ауданда 558 бала балабақша кезегінде тұр. Осы кезекті азайту мақсатында тағы да бір балабақша салынып жатыр. Темір жол компаниясы салып берген балабақшаға 58 штаттық бірлік алынады. Мұнда жатын орын, ойын бөлмесі, жуынатын бөлме, ас үй, т.б. қарастырылған. Жалпы құрылыс көлемі 2 552 шаршы метр, ғимарат ауданы 1 164 шаршы метр. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың өсуі мен дамуы үшін барлық жағдай жасалған. 190 орынға есептелген балабақша құрылысына 430 миллион теңге жұмсалған. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаражатты Қазақстан аумағы бойынша 10-нан астам кәсіпорынды біріктіретін «Қамқор Менеджмент» ЖШС бөлген. Мердігер компания – BI Group компаниясы. – Балабақшаларға кезекті азайту – облыстық, республикалық деңгейдегі маңызды мәселе. Мемлекет осы өзекті мәселені шешу үшін аз қолдау танытпайды. Мемлекеттік – жекеменшік серіктестік балабақшалардағы орын тапшылығын шешудің тиімді құралы болып саналады, сондықтан мынадай зәулім ғимаратты шалқарлықтар игілігіне беріп отырған теміржолшыларға рахмет, – деді Бердібек Сапарбаев өзінің құттықтау сөзінде. Облыс басшысы балаларға әкімшілік атынан сый-сыяпат берді. Ашылу салтанатына келген меймандар балабақша басшылығына оның символикалық кілтін табыс етіп, лентасын кесті. Ғимараттың ішін аралап, оның жұмысымен танысып көріп, бүлдіршіндер үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанына көз жеткізді. Қыркүйек айынан бастап мұнда балалар қабылданбақ.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе Суреттерді түсірген автор

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады