Батырлар рухына тағзым

Жаңалықтар
31.08.2016, 11:04
Тамыз айының басында М.Тынышбаев атындағы ҚазККА делегациясы үш жылдай оккупацияны бастан өткерген, ірі темір жол торабы санатындағы Ресейдің Псков облысы, Новосокольники қаласының 115 жылдық мерейтойына той иелерінің шақыртуымен барып қайтты. Ұлы Отан соғысы жылдары тарихынан сыр шертсек, дәл осы Новосокольники қаласымен қазақтардың байланысы тереңнен басталады. Бұл қаланы  немістерден азат ету жолында мыңдаған кеңес және қазақ жауынгерлерімен бірге халқымыздың батыр қызы Әлия Молдағұлова да қаза тапқан болатын. «Сыйға сый, сыраға бал» демекші, ресейліктердің бұл шақыруын, қазіргі қаржылық дағдарысқа қарамастан, жас буынды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге маңыз берген академия ректоры Бақытжан Қуанышев құп алып, академия доценті Кеңес Жүсіпов жетекшілік еткен, құрамында 2-ші және 3-ші курс студенттері Нұрсұлтан Тасболат пен Игілік Қайыр бар делегацияға қаржылай қолдау көрсетіп,  Новосокольникиге аттандырды. –Біз тамыздың 5 мен 8 аралығында бірнеше шараларға қатыстық. Бірінші күні, Новосокольники ауданындағы Монаково бауырластар зиратындағы Әлия Молдағұлова мен оның қаруластары бейітіне жергілікті тұрғындармен бірге гүл шоқтарын қойып, тағзым еттік, құран бағыштадық.  Бұдан кейін Насва ауылдық орта мектебінде орналасқан батыр қыздың музейін араладық және де аудандық кітапханада қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, Әлия апамыз бен басқа да жауынгерлердің ерліктері, аудандағы оккупация кезіндегі партизандық қозғалысы жайлы әңгіме-сұхбаттар жүргіздік, – дейді делегация құрамындағы студенттер. Ал алтыншы тамыз күні қаланың мерейтойына арналған негізгі іс-шаралар өтіпті. Бұл жолы қазақстандық делегация Новосокольникидегі  теміржолшылар саябағында жаңадан ашылған теміржолшы батырларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, «Россия и Казахстан: вместе в пути» тақырыбында өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда  баяндамалар жасапты. Ал қаланың мерейтойына арналған салтанатты жиында делегация басшысы Кеңес Жүсіпов тұрғындарды қазақ елі, қазақ теміржолшылары атынан құттықтап, сөз сөйлесе, студенттер қазақ және орыс тілінде әндер шырқап, жұртшылық өнерлерімен тәнті етіпті. Келесі күні академия азаматтары Новосокольникиден оңтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жердегі Невель қаласында жерленген, ерлігімен есте қалған қазақтың тағы бір даңқты қызы Мәншүк Мәметованың бейіті мен қаланың нақ ортасындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,  тағзым еткен.  Қайтар жолда Мәскеудегі Молдағұлова даңғылымен жүріп өтіп,  Әлия атындағы №402 мектеп-лицейі ауласында орналасқан батыр қыз ескерткішіне гүл шоқтарын қойған.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады