«Мектепке жол» акциясы шеңберінде
Жаңалықтар
31.08.2016, 11:24
Астана
Әдеттегідей жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясына «Теміржолсу» АҚ да белсенді қатысуда. Компанияның еліміздің барлық аймақтарындағы 13 филиалы да акция аясында қайырымдылық шараларын өткізіп жатыр.
Соның бәріне биыл 465 мыңнан астам қаржы бөлініп отыр екен. Қоғамның Астанадағы бас мекемесі Елордада тұратын жағдайы төмен және көп балалы екі отбасыға көмек көрсетті. Компанияның вице-президенті Мира Темірбекова мен бас маман Маржан Шоқаева көп балалы жалғызбасты ана Ақтоты Рүстемованың балаларына арнап алынған мектеп құралдары мен оқу формаларын үйлеріне барып табыстады.
–Бұл отбасыға «Мектепке жол» акциясынан тыс уақытта да көмек көрсетіп келеміз. Ақтотының 5 қызының біреуі – мүгедек. Төртеуі мектепте оқиды. Өздері қаланың жер үйлеріндегі сарайда қуықтай ғана бір бөлмені жалдап тұрады. Кіші қызының денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтындықтан әзірге тек мемлекеттік жәрдемақымен ғана күн көруде. Олар қатыгез, қатты емес, қайырымды, қамқор болып өссе екен деген ниетімізді кездескен сайын білдіріп жатамыз. Анасына құдай қуат берсін, балалар ақылды, білімді болып өссін, – дейді М. Темірбекова.
Жанары мұңға толса да жасымай, қыздарын жалғыз өзі өсіріп отырған Ақтоты ана қайырымдылық көрсеткен мекемеге, басшыларына алғысын білдірді. «Жалғыз өзім мына киімнің бәрін алып беруге шамам жетпес еді. Әрі білесіз ғой, қазір бәрі де қымбат. Менің отбасылық жағдайымды түсініп, шынайы жанашырлық танытып жатқан «Теміржолсу» ұжымына рахметімді айтамын. Алладан қайтсын!», – дейді ол.
Бұдан соң компания өкілдері Қоянды елді мекенінде тұратын көп балалы ана Жайнагүл Қапардың отбасына барып, бір үйдегі бес баланың екеуіне мектеп формасы мен оқу құралдарын табыстады. Үйінің үлкені колледж бітіріп, екіншісі колледжге енді түсіп жатқан Жайнагүлдің тағы екі баласы мектепте оқиды. Жолдасы қайтыс болған. Жалғыз қалса да балаларын алға жетелеп келе жатқан келіншек үшін мұндай көмек артықтық етпейді.
Райхан Рахметова
Қызылорда... Сыр теміржолшылары биыл мектеп табалдырығын аттайтын 20 бүлдіршінге мектепке қажетті оқу құралдары толы сөмкелер тарту етті. «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы негізінде өткізілген «Мектепке жол» акциясы аймақ теміржолшыларының, мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының және партияның «Теміржол» филиалы төрағасы, облыстық маслихат депутаты Аманкелді Арысбаевтың тікелей қолдауымен өткізілді. –Біз кәсіпкер емеспіз, бірақ қаладағы темір жол бойына жақын орналасқан төрт мектептің ата-аналары өтініш айтқандықтан мен теміржолшыларға осы акцияға қатысуға ұсыныс білдірдім. Әріптестерім бұл ұсынысымды бірауыздан қабылдады. Еліміздің болашағы – балаларға қуаныш сыйлауға атсалысқан аймақ теміржолшыларына алғысым зор. Және де бүгінгі акцияда теміржол мекемелерінің көп балалы және леуметтік қодауға мұқтаж отбасы өрендеріне де қолдау көрсетіледі, – деп көпшілікке ризашылығын білдірді Аманкелді Қонысбайұлы. Мектеп сөмкелерімен қатар балақайларға тәтті балмұздақтар ұсынылды. Бұдан кейін мерекелік көңіл-күй сыйлаған жиын аймақтағы теміржолшы жастардың әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Балалар мен олардың ата-аналары қамқорлық танытып,қолұшын теміржолшы азаматтарға алғыстарын жеткізді. .Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ
Семей... Қоңыраулы қоңыр күз көптеген семейлік теміржолшылардың мектеп жасындағы балалары үшін қамсыз басталмақ. Себебі, бөлімшедегі толық емес отбасылар мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылары балалары, сондай-ақ, үш баладан көп сала қызметкерлерінің перзенттері толықтай мектепке қажетті керек-жарақпен қамтылуда. Балақайлар үшін жасалатын жәрдем ағымдағы жылы екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Ұлттық компания және кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржыландырылуда. Мәселен, НОД-6 бойынша үш және одан да көп балалары бар теміржолшылар үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ аталмыш акция аясында жәрдем беруде. Бұл орайда әсіресе шалғай станциялардағы теміржолшы отбасыларын басымдық берілген. Мысалы, Жарма, Шар станциясында 4 балалы теміржолшылар бар. Жалпы, үш баласы бар барлық отбасылар компания тарапынан материалдық көмекпен қамтылуда. Бұл ретте биыл мектеп табалдырығын аттайтын әрбір балақайға 4 242 теңгеден, яғни үш перзенті бар әр отбасыға 12 776 теңгеден жәрдем жасалуда. Бұл қаражатқа кеңселік оқу құралдарын түгендеп алуға болады. Мұндай көмек барлық станциялар мен разъездерді қоса алғанда бөлімше бойынша 16 отбасының елуден аса мектеп жасындағы балаларына көрсетілмек. Дәл осындау елеулі көмек бөлімшедегі кәсіподақ ұйымы тарапынан да ұйымдастырылуда. Яғни, жел бойындағы станцияларды қоса алғанда барлығы 50 балаға бес теңгенің көлеміндегі оқуға қажетті құрал-жабдықтар әперілмек. –Биылғы «Мектепке жол» акциясы Семей өңірінің теміржолшылары үшін жоғары деңгейде өткізілуде. Бұл ретте жалғызілікті және әлеуметтік демеуді қажет ететін отбасылар балаларына көңіл бөліп отырмыз, – дейді Семей жол бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Асхат Жармұхамбетов.Қуаныш ҚОЖАЕВ
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті