Ақмола теміржолшылары тасымалданатын астық көлемін арттыра түсті

Жаңалықтар
27.12.2018, 16:07

2018 жылдың 11 айында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Ақмола бөлімшесі бойынша 5,5 млн. тонна астық тиелсе, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық. Соның ішінде экспортқа 4,4 млн. тонна жөнелтсе, бұл өткен жылдыі сәйкес кезеңінен 49% көп. Ұңтақ өнімдерін тиеу өткен жылдың көрсеткішімен шамалас келеді және де 597 мың тоннадан асып отыр. 

Тек қараша айының өзінде тасымал көлемі 660 мың тоннаға жетсе, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 23%-ға жоғары. 

Қазақстандық астық пен ұн экспортының дәстүрлі бағыттары 2018 жылы да сақталып отыр: ол Орталық Азия елдері - 45%, Иран мен Ауғанстан - 29%, ҚХР - 7%, Ресей - 6% және өзге де елдер - 13%. 

«Толықтай алғанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша астық пен ұңтақ өнімдерін тасымалдауды 6,2 млн. тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Желтоқсандағы жалпы тиеу көлемі 820 мың тонна болса, соның ішінде астық – 620 мың тонна», - дейді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Ақмола бөлімшесі филиалының директоры Нұрым Жаниязов. 

Оның айтуынша, теміржол тасымалын тиімді ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың қарашасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Ақмола, Солтүстік Қазақстан әкімдіктері арасында ыңтымақтастық және өзаратүсінікстік туралы келісімге қол қойылған болатын. Аталған құжатқа сәйкес ауыл шаруашылығы жүктерін теміржолмен тасымалдауды тиімді ұйымдастыруды арттыруды қамтамасыз ету бойынша бірқатар міндеттер жүзеге асырылуда. 

Сонымен бірге, Вьетнам, Қытай, Түркия, Италия және өзге елдерге арналған бидай мен ұнды контейнерлермен тасымалдау көлемі де арта түсті. Осылайша, 11 айда және желтоқсанның 23 күнінде жол бөлімшесінде 3,5 мыңнан астам контейнер тиеліп, контейнерлік бағыттарға жөнелтілді. 

«Жөнелту нүктесінен межелі орынға дейін жедел жүк жеткізуді қамтамасыз етудің жаңа қадамы тасымалдау мен вагон айналымы уақытын қысқартады. Контейнерлік пойыздарды қалыптастыру тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етеді және де жүру жолында пойыздардың ұзақ тұруын қысқартып, жолаушылар қозғалысы сияқты бекітілген кесте мен бағыт бойынша тасымалдауға мүмкіндік береді», - деп түсінік бере кетті Н.Жаниязов. 

Жалпы көрсетілген кезеңде Ақмола облысы бойынша транзитпен 1300 контейнерлік пойыз жүріп өтсе, соның ішінде Орталық Азия-Қиыр Шығыс бағыты бойынша 321 астам пойыз, Қытай-Еуропа бағытына 866 контейнерлік пойыз жол тартқан. 

2018 жылдың астығын тиеу кезеңінде вагондар айналымын жеделдету үшін ЖТ Ақмола бөлімшесінде астық және ұңтақ өнімдерін бағыттау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен, ағымдағы жылы 260 астық бағыты құрылды және жөнелтілді. Олардың орташа бағыттық жылдамдығы 800-900 км/тәу құраса, бұл вагон айналымын дер кезінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Бұдан басқа, Имамназар, Акяйла, Серхетабад және Сарахс станциялары бағытына Түркменстаннан транзитпен халықаралық Болашақ өткізу бекеті арқылы Ауғанстан, Иран, Иракқа дәнді дақылдарды тиеудің баламалы жолы әзірленді. 

Мемлекеттік аумақтық қызметтермен бірлесіп Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тасымалдаушыларды астық қабылдаушы кәсіпорындарға жеткізу, астық және ұңтақ өнімдерін тиеу, тасымалдау жөніндегі іс-әрекеттерді үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі штаб ұйымдастырылды.   

Толықтай алғанда, Ақмола бөлімшесі бойынша тиеуді дер кезінде ұйымдастыру арқасында жалпы вагондар айналымы қысқарды. 

Дей тұрғанмен, Ұлттық тасымалдаушы барлық тасымалдау процесінің қатысушыларына әлеуметтік-маңызды жүктерді дер кезінде жөнелту мен тиімді жоспарлауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды күшейтуге және жалғастыру қажеттігіне назар аудартады. 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл