Щучинск қаласында "ҚТЖ "ҰК" АҚ қызметкерлері арасында республикалық спартакиада өтуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 18 команда атынан 250 қызметкер қатысуда. Спартакиада бағдарламасы алты спорт түрінен тұрады: үстел теннисі, шахмат, армрестлинг, арқан тарту, снаряд лақтыру, ұзындыққа секіру.

Іс-шара салауатты бәсекелестік, бірлік және корпоративтік ауызбіршілік аясында өтуде.
Спартакиаданың мақсаты-командалық рухты нығайту, белсенді өмір салтын насихаттау және теміржолшылар арасында корпоративтік мәдениетті дамыту.

