Жолаушы мен жолсерік қуанышы (Видео)

Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Астана мен Ақтөбе арасына қатынайтын қосымша пойыз жолаушыға жасалған тәуір сыйдың бірі болды. Алғыс жаудырған жолаушы сөзіне жолсеріктер де марқайып жүр. Отандындық “ЗИКСТО” зауытынан шыққан жаңа вагондар мен қызмет көрсету сапасын көзбен көріп, перроннан арнайы репортаж жасадық.  

“Жолаушылар тасымалы” АҚ 4 маусымнан бастап, жазғы маусымдағы сұранысты реттейтін Астана мен Ақтөбе арасына №257/258 жолаушылар пойызын іске қосты. Жазғы демалыс кезінде араға 4 күн салып жолға шығатын пойыз жолаушыларға қолайлы мүмкіндік туғызды. Тасымал және қосымша пойыз туралы пікір сұрағанымызда әр жолаушы әңгімесін алғыстан бастады.  

«Қуаныштымыз. Ең бірінші билетті қиналмай таптық. Пойыз тікелей Ақтөбеден шыққан соң жолымыз қысқарды. Бала-шағамен Астанаға демалысқа бара жатырмыз»,-деді Жәнібек есімді жолаушы.  

Перрон толы жүздері бал-бұл жанған балалар. Жасөспірімдердің ата-анасымен демалысқа шыққаны көрініп-ақ тұр.  

“Анашым, Астанаға бір ұйықтағанда жетеміз бе?” деген балақай сөмкесін зырғытып, вагонға қарай шауып бара жатыр.  

«Жолаушыларға осындай жағдай жасап жатқан компанияның барлық қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Вагондар керемет. Жайлы. Ішінде бәрі бар. Әр вагоннан телефон қуаттауға болады. Ауа реттегіші бар. Таза»,- деді жолаушы Мәрзия апай.

Жолсеріктер жолаушыларды жылы қарсы алып, орындарын көрсетіп жүр. Жаңа вагондардың жайлылығы жолаушылармен қатар жылжымалы құрам қызметкерлерінің де оң бағасына ие болған.

«Ақтөбе бөлімшесінің жолсерігімін. Ақтөбе мен Нұрлы жол вокзалын байланыстырамыз. Купе, плацкарт вагондарымыз бар. Бәрі де жайлы. Қызмет көрсету сапасына жасалған қолдауды біз де сезіп жатырмыз»,- деді жолсерік Айман Кенжеғалиева.  

Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында вагондарда ауаны баптау қондырғысы, ауа тазарту сүзгілері, түтін датчиктері, бейнебақылау камерасы, арнайы желіге жалғанған теледидар, ыстық және салқын су, тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, биодәретханалармен қамтамасыз етілген. Әр купеде тоқ көздері мен USB қосқыштар бар.  

«Бұл пойыз компанияның сұранысқа ие бағыттарды пайдалануға енгізіп, тасымал сапасын арттыруға жасалған жұмыс нәтижесінің көрінісі. Пойыз құрамында алғашында 12 вагон болу керек еді. Сұраныстың жоғары болуына байланысты 16 вагон шығарылды. Оның ішінде 8 купе, 8 плацкарт вагон. Бәрі де отандық “ЗИКСТО” зауытынан шыққан, жаңа. Халыққа қызмет көрсетуге ыңғайлы. 26 жолсерік қызмет көрсетуге дайын»,- деді №257/258 жолаушылар пойызының бастығы Алтай Сексенбаев.

Астана мен Ақтөбе арасында тікелей байланыс ұзақ уақыттан бері болмады. Жергілікті тұрғындар Орал-Астана, Атырау-Астана бағытындағы пойыз қызметтерін пайдаланды. Сонымен қатар, “Жолаушылар тасымалы” АҚ сұранысқа орай биыл қысқы каникул кезінде, наурызда қосымша пойыз қызметін іске қосқан еді.  

«Тікелей пойыз болғандықтан Астана қаласына 24 сағатта жетеді. Билеттер түгел сатылып кетті. Сондықтан қосымша вагондар қосылды. Вагондарда бейнекамералар бар. Оның қауіпсіздіктің сақталуына ықпалы зор. Бұл жаңартулар жолаушылар тасымалының сапасын айтарлықтай жақсартатыны сөзсіз. Қазір жолаушылардан алғыс жиі түседі. Арнайы сайт арқылы, жазбаша түрде айына 10-15 хат келеді»,- деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ Батыс аймақтық филиалы директорының орынбасары Бақытжан Жалбаков.

Астана-Ақтөбе және Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз жазғы демалыс маусымына орай екі ай бойы тасымал қызметін ұйымдастырады.  

Пойыз жолаушыларға 4 шілдеден 2 қыркүйекке дейін қызмет көрсетеді.  

Жөнелту уақыты Ақтөбеден шілдеде 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28-і күндері, тамыз айы бойынша 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30-ы күндері шығады.  

Ал Астанадан «Нұрлы жол» вокзалынан шілдеде 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30-ы күндері, тамызда 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28-і және 1 қыркүйекте шығады.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады