Жол сапасы жоғары болса...

Жаңалықтар
31.08.2016, 12:11
 «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына республикалық маңызы бар жолдардың 786 шақырымы тиесілі.  Осының 420 шақырымын төрт жолақты «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі құрайды. Бүгінде үлкен жобаның 224 шақырымы пайдалануға берілген. Ал, Шымкент – Жамбыл облысының шекара аймағындағы 82 шақырым, Шымкент – Өзбекстан шекарасына дейін 102 шақырым және Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылындағы 15 шақырымдық айналма жол мен Түлкібас ауданындағы осы шамалас айналма жолдың құрылысы әлі жүріп жатыр.  Яғни, пайдалануға берілмеген жолдар 197 шақырымды межелеп тұр. Дегенмен, халықаралық  дәліз құрылысының 70 пайызы игерілген. Бұдан өзге жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына республикалық бюджеттен 466 млн теңге бөлінген. Ол қаржы қыстың көк мұзында жолдың қарын тазалап, құм сеуіп, жазғы уақыттары шөбін орып, жолдағы таңбаларды белгілеу сынды күтім жұмыстарына  жұмсалады. –Кентау – Түркістан арасындағы және Түркістан ­– Шәуілдір бойындағы апатты көпірлер қазір талапқа сай. Сонымен қатар, тасқын кезінде су сыймағандықтан, ағынды жіберуге үш жерге гофра құбыр қойылды. Темірден жасалатын бұл құбырлар монтаж кезінде жеңілдеу болады. Аталған көпір құрылысының барлығы былтыр басталып, биыл аяқталды. Сосын көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығы жоғары аймақтар жиі күрделі жөндеуден өтіп тұрады. Мәселен, Жетісай – Қызыләскер – Сарыағаш – Жібек жолы  тас жолын биыл күрделі жөндеуден өткізуге қаражат тапшы болғандықтан, орташа жөндеу жүруде. Одан бөлек, ағымдағы жылы Сарыағаш ауданындағы Абай ауылы мен Сарыағаш курортының ортасындағы жолға орташа жөндеу жүргізуге 371 млн теңге бөлінген. Бұл  іс те жаз соңында бітеді деп отырмыз. Соңғы жылдары туризмді дамытуға көңіл бөлініп жатқандықтан, екінші орташа жөндеу халық көп келетін Арыстанбаб мешіті – Шәуілдір  аралығына  жасалуда.  Аталған телімді дұрыстауға 352 млн теңге бөлініп, екі телімде де жұмыс кестеге сай өтіп жатыр. Негізгі жұмыстары жаз аяғында, қалған жол белгілерін қою сынды шаруалар қыркүйекте тәмамдалмақ. Үшінші телім Шәуілдір – Төрткөл бағыты. Бастапқыда берілген 352 млн қаржыға мамырда қосымша байқау жарияланып, тағы 280 млн теңге  аударылған. Сол қаржыға осы аралықтың он үш шақырымы орташа жөндеуден өтуде. Бұйыртса, күздің алғашқы айында аяқталады, – дейді филиал директоры Мұхтар Дүйсембеков.  Аталған филиал ұжымы жергілікті  әкімшілікпен, облыстық туризм және спорт басқармасымен бірлесе отырып, республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы жолаушыларға қызмет көрсететін орындарды халықаралық деңгейге сәйкестендіруді қолға алуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі іске қосылғалы жол қозғалысы бұрынғыға қарағанда 2-3 есе өскен.  – Қазіргі таңда тек Астана – Бурабай арасындағы 230 шақырым жол ақылы. 2022 жылға дейін Республика бойынша  қайта жаңартудан өткен жолдар 7 мың шақырымды құраса, оның бәрін ақылы ету жоспарда қарастырылуда. Біздің облыста ақылы жолға бірінші кезеңде Шымкент – Қызылорда бағыты кіреді. Келешекте Шымкент – Жамбыл және Шымкент – Ташкент бағыты да қосылмақ. Бұл әлі жоспар, ал жоба енді дайындалады. Ақысы төленгеннен кейін жолдың сапасы жолаушының жұмсаған қаржысына лайықты болары сөзсіз. Бұл болашақта бюджетке қол созбау үшін қажет. Құрылысқа кеткен қаражатты қайтаруға емес, жолды күтіп ұстағанға жұмсалуы  қажет, – дейді Мұхтар Манасұлы.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты