142-ші разъезд бастығы

Жаңалықтар
25.10.2016, 12:08
         Ақтөбе темір жолының Байғанин ауданына жақын №142-ші разъезд бар. Оны он жылдан бері тәжірибелі теміржолшы Темірбай Алпысбаев басқарады. Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді станциясынан 15-16 шақырымда орналасқан разъезд басында үй жоқ. Сондықтан, теміржолшылар, оның ішінде станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар, жолшылар, т.б. қатынап жұмыс жасайды. – Разъезде бес адамбыз, жол, электрмен қамту, белгі беру және байланыс дистанциясының жұмысшыларымен қоян-қолтық араласып, еңбек етеміз. Соңғы жылдары бірде-бір ақауға жол берген жоқпыз, қауіпсіздік сақталуда, күзгі тексерістен жақсы өтіп, қысқа дайындық бойынша жоғары баға алдық, – дейді бекет бастығы.

Әкесі ұзақ жылдар темір жолда еңбек еткен соң, алты ағайынды түгел кәсібін осы саладан тауыпты. Бір пойыз құрастырушы, бірі жолшы, бірі машинист дегендей. – Әкеміз Алпысбай Естеков соғыс жылдары жол бойында жауапты да маңызды, ауыр жұмыстарды атқарған. Бізді, балаларының бәрін еңбекке баулып, өзі секілді теміржолшы болуымызды қалады, шүкір одан жаман болған жоқпыз. Бүгінде өзім мен бауырларымды, олардың балаларын қосқанда бір қауым ел теміржолшылармыз, үшінші буын династиямыз. Өзімнің үш ер, бір қыз балам бар. Қызым мұғалімдікті таңдады, ал ұлдарым түгел теміржолшылар, – дейді ол мақтанышпен. 1976 жылы пойыз құрастырушысының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған кейіпкеріміз біраз уақыт өткен соң станция кезекшісі болады. Қозғалыс саласында мол тәжірибе жинақтаған аға теміржолшы жуырда ел ағасы жасы 60 жылдық мерейтойын атап өтіп, «Мен үшін басты байлық – отбасым, балаларым, жора-жолдастарым мен әріптестерім» деп ағынан жарылды.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
21.04.2026
ҚТЖ, Польша мемлекеттік темір жолдары және Еуропалық темір жолдар қауымдастығы Орта дәлізді дамыту үшін күш біріктіруде
Жаңалықтар
21.04.2026
Қазақстан мен Ауғанстан теміржол саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда
Әлемде
21.04.2026
БАӘ мен Иордания Қызыл теңізге шығатын жаңа теміржол дәлізін салады
Әлеумет
21.04.2026
Теміржол паркінің 90%-ы ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға бейімделді
Аймақтар
21.04.2026
Маңғыстауда жол табаны сауықтырылуда
Аймақтар
21.04.2026
Сапалы жол – қауіпсіздік кепілі
ҚТЖ келбеті
21.04.2026
Оңтүстіктен – Солтүстікке: ұлы көшке үлес
Жаңалықтар / Мұрағат
21.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №30 21 сәуір 2026 жыл
Аймақтар / Инфрақұрылым
20.04.2026
Түркістан мен Сексеуіл арасындағы теміржол нысандары тексерілді
Жаңалықтар
20.04.2026
«Нұрлы жол» вокзалында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат 5 тәулікке қамалды
Аймақтар
20.04.2026
Ақтөбе станциясында аса қауіпті инфекцияға қарсы оқу-жаттығу өтті
Аймақтар
20.04.2026
Кеңседен магистральға дейін: Қызылордалық теміржолшылар айналаны көгалдандыруда
Әлемде
20.04.2026
Alstom компаниясы NJ Transit үшін алғашқы Multilevel III екі қабатты моторлы вагонын жеткізді
Әлеумет
18.04.2026
Әлеуметтік қолдау: теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды
Жаңалықтар / Инфографика
17.04.2026
Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғырту: өткізу қабілетінің өсуі және цифрлық басқару
Әлемде
17.04.2026
Қытай экспресс-жүк пойыздарының санын арттыруда
Жүк тасымалы
17.04.2026
15 жылда Алашаңқай арқылы 53 мың пойыз өткен
Жаңалықтар
17.04.2026
ҚТЖ және Astana IT University цифрландыру және жаңа буын кадрларын даярлау саласындағы әріптестікті нығайтуда
Трансформация
17.04.2026
Оқу орнынан – өндіріске
Аймақтар
17.04.2026
Межелі жұмыстар атқарылуда