Тамыздың  27 күні  Арыстан шыққан Құрметті теміржолшы Байсейіт Тәнкеевті еске алуға арналған  футболдан дәстүрлі турнир өтті.  «Жүк тасымалы Шымкент бөлімшесі» филиалының спорт нұсқаушысы Елена Маньшинаның  айтуынша, сайысқа қатысқан 120 адам  жеті командалық топқа бөлінген.  Олар Арыс және Шымкент станциялары, Арыс вагон жөндеу депосы,  Арыс вагон депосы, Арыс белгі беру және байланыс дистаниясы, Арыс ірілендірілген жол дистанциясы, «ӘТЖК» АҚ  Арыс атқыштар командасының теміржолшыларына құрылған команда. Ойын нәтижесінде бірінші орынды Шымкент станциясы, екінші орынды Арыс вагон жөндеу депосы, үшінші орынды Арыс  байланысшылары иеленген.  Жүлдегерлер қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталыпты. Бұл турнир осымен үшінші жыл дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Ал, жарысқа демеушілік көрсеткен Тәнкеевтар отбасы мен Арыс қаласының әкімдігі болып отыр.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент