Су тасқынына дайындық

Жаңалықтар
14.02.2019, 16:47

Қыстың көбі кетіп азы қалды. Жақындап қалған көктем мезгілінде болуы мүмкін апаттың бірі – су тасқыны. Осыған байланысты осы кезден елімізде су қоймаларының, бөгеттердің, қауіпті жол учаскелерінің және көпірлердің жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізілуде.  

Соның ішінде Қазақстан темір жолына қарасты нысандар да бар. Пойыздар үздіксіз және қауіпсіз жүруі үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ 1 наурызға дейін оңтүстік өңірде, 15 наурызға дейін батыс және шығыс өңірлерде, ал 1 сәуірге дейін солтүстік аймақта қажетті материалдар мен конструкциялар тиелген 42 арнайы пойыз дайындайтын болады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің су тасқыны кезеңіне дайындық туралы отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

         «Жолдар мен жасанды құрылғылардың қауіпсіздігін және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін техникалық шаралар әзірленеді және қауіпті жерлердің тізімі жасалып жатыр. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ күрделі жағдай туындаған кезде облыстық төтенше жағдайлар бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары жүргізілуде», деді министр. Су тасқыны қаупі кезеңінің басталуына дейін көпірлердің, құбырлардың су жүретін жолдарын тазарту жұмыстары жоспарланған.

 Бұған қоса республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді. Уақытылы дайындықты ұйымдастыру үшін Іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгінгі күні жол материалдары, яғни 254 мың тонна жанар-жағар май (60%), 6,8 мың м3 құм (47%), 2,1 мың м3 тас (75%), 9,5 мың м3 ұсақталған тас (68%) және темір бетонды конструкциялар қоры құрылды.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды