Елбасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысын қабылдады
Жаңалықтар
20.05.2016, 15:37
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті Асқар Маминді қабылдады. Кездесуде Ұлттық компания жетекшісі Мемлекет басшысын ағымдағы қызмет барысы жайлы ақпараттандырып, еншілес кәсіпорындардың тиімділігін көтеру шаралары, негізгі жобаларды жүзеге асыру мен болашақ жоспарлар туралы әңгімеледі.
Президент «Нұрлы жол» бағдарламасы мен оның аясында көзделген ауқымды жұмыстарды тиянақты тындырудың маңыздылығына назар аударды.
– Астанадан «сәуле тармақтары» тәсілімен төселіп, қайта құрылымдалатын автомобиль жолдарының құрылысын тұрақты бақылауда ұстау қажет. Аталған істер мультипликативті әсерін байқатып, өнім өндірушілерді техника мен құрылыс заттарын жеткізуде тапсырыспен қамтамасыз ететін болады. Қазіргі экономикаға оңай соқпайтын заманда, бұл қадам дамудың тың драйверіне айналмақ. Біз Жібек жолының «экономикалық белдеуіне» кіретіндіктен, Қытай Халық Республикасы да өз қолдауын көрсетпек, - деді жүздесуде Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті, Астанада халықаралық қаржы орталығын құру бағытында, көліктік-логистикалық саланы өркендету бойынша да белгілі бір шаруаларды жүргізуді талап ететінін атап өтті.
– Елорданы Дубай, Франкфурт, Гонконг сияқты алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарымен байланыстырған жөн. Азаматтық авиация шеңберінде осыған дайындық жасап, жаңа бағдарларды игеру керек. Сонымен қатар, ішкі рейстерді кеңейтуде де әуе компанияларының іргетасын қалаған абзал, - деп нұсқады Елбасы.
Өз кезегінде, Асқар Ұзақбайұлы, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жаңа темір жол, автомобиль магистральдері салынып, теңіз порттары мен әуежайлар инфрақұрылымын жаңғыртуда жан-жақты әрекеттер іске асырылуда екенін жеткізіп, Инфрақұрылымдық даму жоспарында айқындалған ірі жобалар легі жайында хабарлады. Мәселен, батыс аймақтық көлік жүйесін дамытуда Ақтау теңіз портының өрісін ұзартатын үш жаңа жүк терминалы бой көтеруде. Осымен бірге, Боржақты – Ерсай темір жол желісі салынуда.
Жалпы, ҚТЖ басшысы, Қазақстанды Еуразияның көліктік-логистикалық хабы мәртебесіне көтеру міндеттерін орындауға қажетті күш-жігер жұмсалуда екенін айтты. Бұл мақсатта ел ішінде де, шетелде де логистикалық инфрақұрылым жасақталуда. Мысалға, Қытай – Қазақстан – Еуропа бағдарында контейнерлік ағым көлемі соңғы үш жыл жемісінде 15 есеге өседі деп күтілуде. Тағы бір батыл қадамға қатысты, Үндістан жағына транзиттік тасымал ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.
Ағымдағы мамыр айының 21-22 күндері шымылдығын түретін «Жаңа Жібек жолы» ІІІ Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы қарсаңында өткен кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Форум алаңында «Жаңа Жібек жолын» дамыту барысы талқыланып, қатысушылар халықаралық тасымалды тұрақты жасақтау, Азия мен Еуропа арасындағы контейнерлік сервисті ықпалдастыру, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы бизнестің рөлін көтеру жайын сөз етеді деп болжануда.
Тәңірберген АРҒЫН
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?