Астық тасымалдау маусымы басталды

Жаңалықтар
06.09.2016, 10:18
Қоңыр күз келді. Астық тасымалы маусымы. Аграрлы ел болып табылатын Қазақстанда астық тасымалын ұйымдастыруда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жүктеліп отырған міндет зор, жауапкершілік жоғары. Бұл ретте Ұлттық компания өз міндетін абыроймен орындап, астық тасымалын ұйымдастыруда сенім үдесінен табылып отыр. Айталық, үстіміздегі жылдың сегіз айында Компания бойынша 4877 мың тонна астықтың тиеліп, соның 1773,2 мың тоннасының республика ішіне, ал 3104 мың тоннасының экспортқа шығарылып, жоспардың 100 пайыздан асырыла орындалып отыр. Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда да жоғары көрсеткіш.Осы ретте, экспорттық бағыттағы  жүк тиеліміне тоқталсақ, онда астықтың басым бөлігі, яғни 53 пайызы немесе 1642,3 мың тоннасының Орталық Азия елдеріне бағытталғанын байқар едік. Ал Ресейге және одан әрмен қарай 529,7 мың тонна, Иранға 461,8 мың тонна, Ауғанстанға 135,6 мың тонна, Әзірбайжан мен Грузияға 17 мың тонна, ал Қытайға 282 мың тонна, Балтық жағалауы елдері мен Беларусь республикасына 35,7 мың тонна астық тиелген. Жыл басынан бергі сегіз ай ішінде барлығы 1724,5 мың тонна ұн тиеліп, соның 410 мың тоннасына жуығы ел ішіне таратылса, қалған 1320 мың тоннадан астамы сырт ел асқан. Бұл жерде қазақ елінің ұнына Орталық Азия елдерінің сұранысы жоғары екенін көруге болады. Яғни 823,3 мың тоннаны құрауда. Бұдан кейін бүгінгі күнге дейін Ауғанстанға  485 мың тоннадан артық астық тиелсе, өзге елдер еншісіне 12,2 мың тонна ұннан келіп отыр. Сөз орайы келгенде, «Болашақ» шекаралық станциясы арқылы Иран мен Ауғанстан бағытына астық тасымалдайтын пойыздар санының биыл, өткен жылға қарағанда  көбейгенін атар едік. Болашақ станциясының бастығы Жарас Жолаев, осы мемлекетаралық түйісу нүктесі арқылы биыл жыл басынан бергі астықтың пойызбен экспортталуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артқанын айтады. «Өткен жылдың алғашқы бес айында Болашақ арқылы 1011 вагон, яғни, 64 624 тонна астық жөнелтілсе, биыл осы аралықта 1157 вагон, яғни, 73 905 тонна астық жіберілген. Сонымен дәл қазіргі күнге вагондар санымен есептегенде,  біздің мемлекетаралық түйісу нүктесі бойынша астықтың экспорттық тасымалы 146 вагонға немесе 14 пайызға  артып отыр», дейді станция бастығы.             Нақтырақ айтсақ, биыл жыл басынан маусым айына дейін Иранға 1046 вагонмен 66 367 тонна астық жөнелтіліпті. Соның ішінде 621 вагон, яғни 38 533 тонна арпа, 424 вагон, яғни, 27 766 тонна бидай және 1 вагон, яғни 68 тонна зығыр дәні жіберілген. Ал Ауғанстанға жөнелтілген астық көлемі 111 вагонды немесе 7538 тоннаны құраған, соның 7 вагоны, яки 471 тоннасы арпа, 104 вагон немесе 7067 тоннасы бидай екен. Өткен жылдың 12 айында осы бағыттарда Болашақ станциясы арқылы жөнелтілген астық тасымалы небары 1452 вагонды құраған екен. Ал биыл бұл көрсеткіш біршама өседі деген болжам бар.   Ұлттық компанияның жүк тасымалын ұйымдастыруда жауапты мамандары  жылдағы үрдіс бойынша биыл да  ел аймақтарына шығып, жүк жөнелтушілермен келелі кеңестер өткізіп, астық тасымалына қатысты мәселелерді егжейлі-тегжейлі анықтаған болатын. Сондай бір кездесу егінді алқап Қостанай өңірінде өткен. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ логистика департаментінің директоры Дәулетбек Нигметовтың қатысуымен өткен кездесуге жүк жөнелтушілермен қатар облыс әкімшілігі, кәсіпкерлер палатасы, өзге де мемлекеттік құзырлы орган өкілдерімен қатар, «Астық-Транс», «Қазтеміртранс», «KTZ Express» АҚ сияқты вагон операторлары қатысып, биылғы жыл егінін тасымалдау мәселесі жан-жақты талқыланып, зерделенді. Егер нақты деректерге сүйенсек, Қостанай облысындағы егін алқабы биыл 4 млн 178 мың гектар жерді құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдар көрсеткішіне қарағанда 159 мың гектарға артық болып отыр. Ал облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің жасаған алдын ала болжамы бойынша, биыл жинап алатын егін көлемі шамамен 5 млн 13,7 мың тоннаны құрамақ. Сонда астық тиелімі Қостанай бөлімшесі бойынша тиелетін жалпы жүк көлемінің 10-нан 16 пайызға дейінгі мөлшерін құрамақ.

Сұлугүл БАКЕСОВА

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz