Отандық рельс төселді
Жаңалықтар
20.05.2016, 16:36
Сәуірдің 7 жұлдызы Қазақ темір жолының тарихына алтын әріптермен жазылып қалатын елеулі күн болды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан «Алматы-1 – Шу учаскесінің екінші темір жолы құрылысы» нысанында тұңғыш рет «Ақтөбе рельс арқауы зауыты» ЖШС шығарған отандық өнім төселді.
Зауытта шығарылған тұңғыш рельс торкөзін төсеу салтанатына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, көпшіліктің қуанышын бөлісті. «Біз бүгін «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен Үдемелі индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының табысты нәтижесін көріп отырмыз. Зауыт өнімі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызды роль атқарады. Және экспорттық әлеуеті зор. Ендігі жерде рельстер отандық өнім өндірушілерден алынатын болады»,- деп атап өтті А. Мамин.
Алматы1 - Шу темір жол телімінде 110 шақырымдық магистральдық желі салынады. Қазірдің өзінде белгі беру және байланыс, электрлендіру желілері жасалуда. Жобаның бірінші кезеңін биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Жобаны жүзеге асыру кезінде 1500 жұмыс орны ашылады. Аталмыш жобаның біздің аймақ үшін стратегиялық маңызы зор», -деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз сөзінде.
Сала ардагері Қалтай Сәмбетов бұл елеулі оқиғаны Түркісібтегі «ақ түйенің қарны жарылған күн» деп атап өтті. «Өзіміздің Ақтөбеде шығарылған бірінші отандық рельс «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан Алматы-Шу телімінің екінші жолы құрылысында қолданудың тарихи сәтіне куә болып отырмыз. Тәуелсіздік жылдары 2,5 мың шақырым жол салған отандық темір жолдың бұл да бір жетістігі», - деді Құрметті теміржолшы.
Алматы1-Шу темір жолының екінші желісінің құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Телімде пойыздардың өткізу қабілетін арттыру мақсатын көздейтін жобаның жүзеге асырылуы теміржолшылар үшін көптен күткен құрылыс. Жоба жұмысын жүргізуге «Жол жөндеуші» Компаниясы» мен «Теміржол жөндеу» ЖШС Консорциумдарымен келісім шарт жасалған. Бүгінде құрылысқа 37 техника мен 94 адам жұмылдырылған. Екінші желінің іске қосылуымен телімде пойыздарды өткізу қабілеті 2 есеге артады. Жүк пойыздарының жылдамдығы көтеріліп, жүру мерзімі қысқарады. Қазақстанның транзиттік әлеуетінің өсуіне елеулі ықпал ететін болады. Соған орай өндірістік көрсеткіштер де артатын болады деп күтілуде.
«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Қазақстан темір жолы» компаниясы үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвесторлармен бірлесе отырып дүниеге келген ТМД аумағында баламасы жоқ инновациялық кәсіпорын болып табылады. 2014 жылдың қорытындысында «АРАЗ» ЖШС «Жылдың үздік индустриалдық жобасы» аталымында ҚР Президентінің «Алтын сапа» арнайы сыйлығын иеленді. Жобалық қуаты бойынша жылына 200 мың тонна рельс, 230 мың фасондық илем шығаруға қауқарлы. Негізгі өнімдері ұзындығы 120 метрге дейін жететін Р-65 рельстері мен бұрыштамалар, швеллерлер және арқалықтар сияқты орта фасондық илемі. Зауытты қызметінің басты мақсаты ретінде жоғары жылдамдықтағы темір жол магистральдарының құрылысына арналған рельстер өндірісін ұйымдастыруды, сондай-ақ, отандық кәсіпорындарды әлемдік стандарттарға сай сапалы өніммен қамтамасыз етуді көздеуде. Қазақстандық нарық сұранысын толықтай қанағаттандырып, экспортқа құлаш сілтеу жоспарлануда.
Әсел Төлегенова
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды