Теміржолшылар жағдайымен танысты

Жаңалықтар
06.04.2019, 19:23

Өткен аптада «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның HR жөніндегі басқарушы директоры - персоналды басқару қызметінің басшысы Тамила Микулич бірқатар теміржол мекемелеріндегі өндірістік жұмыс орындарын аралап, жұмысшылардың жағдайымен танысты. 

Алдымен Ірілендірілген Астана жол дистанциясына барған ҚТЖ-ның персонал басшысы жолшылардың күнделікті жұмысымен, еңбек жағдайымен танысып, дефектоскопия цехын аралады. «Авикон-15 ақаутапқышы» жұмысымен танысты. Сонымен қатар дистанцияның операторы Б.Қасымғалиев лента шифрын айырып оқу туралы мәлімет берді. Ал механикалық цехта «СМ-7» қар тазалау машинасының жұмысы мен «МПТ-0014» дрезинасының қызметі туралы бас механик Б.Беркенов толық ақпарат берді. 4-ші өндірістік телімде №64 бағыттама бұрмасын ағымдық күтіп ұстау бойынша өндірістік-техникалық «толаскез» жариялау реті түсіндірілді. Осы жұмыстардың бәрінде теміржолшылардың қатысуы, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы басқарушы директор бастаған топ назарынан тыс қалмады.

Бұдан кейін Астана локомотив пайдалану депосына барған топ локомотив бригадаларының демалыс үйін аралап көрді. Мұнда да локомотив бригадаларының демалыс жағдайы, еңбек тәртібіне баса назар аударылды. Сондай-ақ локомотивтердің қауіпсіздігін, сумен және құммен, отынмен жабдықталуын да сүзгіден өткізді. Локомотив бригадаларының рейс алды дайындық процестері де назардан тыс қалмады. Әсіресе, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі материалдары бойынша рейс алды нұсқаулық өткізуге, рейс алдында медициналық тексерудің жүргізілуіне, локомотив бригадаларының локомотивті қабылдап алу процесіне жіті назар аударылды.

Ұлан ОРАЗ

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды