Терминалдың бастапқы кезеңі аяқталды
Жаңалықтар
20.05.2016, 16:50
Астана қаласының халықаралық әуежайы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып саналатын «Аэропорт Менеджмент Групп» ЖШС тарапына қарайтыны белгілі. Мұнда, қазір, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қызу дайындық жүріп жатыр.
«Астана халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінен хабарлағандай, көрмеге әзірлік мақсатында, сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2015 жылы жалпы аумағы 40 000 шаршы метр жаңа жолаушылар терминалының құрылысы басталған. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 7 миллион жолаушыдан аспақ. Қарбалас сағаттарда рейстерді күту залдарына бір уақытта 2,525 жолаушыға дейін жолаушыны сыйғызу мүмкін болмақ. Бүгінгі таңда құрылыстың бастапқы кезеңі аяқталып, терминал ғимаратының жер бетіндегі бөлігінде лифті шахталары мен баспалдақ аралықтары орнатылған, металдан жасалған құрылымдар мен аралықтардың монтажы жасалып жатыр екен. Былтыр, мәселен, перронды ауқымды қайта жаңарту жүргізіліп, жаңа Бизнес терминалы қолданысқа енгізілгені аян.
– Елорда әуежайы өндірістік көрсеткіштер бойынша Қазақстанның екінші әуежайы саналады. Қазіргі уақытта ірі әлемдік авиакомпаниялар Америка, Таяу Шығыс елдері, Еуропа мен Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің арасында құрлықаралық тасымалдауларды орындау арқылы, бізде аралық ұшақ отырғызуларын жүзеге асырады. Air Astana, Etihad, Asiana Airlines, flydubai, Aeroflot, Lufthansa, Turkish Airlines, Russia, SCAT, Uzbekiston Hava Yollary сияқты және басқа да авиакомпанияларға қызмет көрсетеміз. Олар күн сайын Қазақстан бойынша 15 бағытта және таяу және қиыр шетел елдеріне 22 бағытта тұрақты жолаушылар рейсін атқарады, – деп әңгімелейді маркетинг бөлімінің маманы Азамат Оспанов.
Статистикалық деректерге сәйкес, 2015 жылы Астана қаласының әуежайы рейстердің 15%, жолаушылардың 25% және жүк ағынының 10% көлемін еңсеріпті. Ұшулар саны орташа есептегенде тәулігіне 70 рейсті, жолаушылар ағыны 9000 адамды межелеген. Сұранысқа ие Анталья, Париж, Тбилиси, Сеул, Дубай сияқты танымал бағыттардың ашылуы өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда жолаушылар ағынын 13%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапымен бірлескен райда, интермодальді ХАБ-ты дамыту және жүк айналымын ұлғайту мақсатында, жүк тасымалдаушыларын тартуға айрықша көңіл бөлінуде екені аян. Осының арқасында Астана қаласы халықаралық әуежайының дамуға және жаңаруға, ал авиакомпаниялардың қаржыны және техникалық құралдарды үнемдей, одан да көп жолаушылар мен жүктерді тасымалдай отырып, ұшулар тиімділігін арттыруға мүмкіндігі бар. Әуежай Орталық Азия өңірінің ХАБ-ы ретінде өркендемек.
Жолаушыларға қызмет көрсету, перронда қызмет көрсету, жүкті және багажды өңдену сапасын арттыру және Астана халықаралық әуежайына халықаралық стандарттарды енгізу, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін швейцариялық Swissport International компаниясы жұмылдырылған. Әлемдік провайдер Swissport өз қызметін 5 құрлықтағы 45 елде жүзеге асырады және әлемнің 265 үздік әуежайларында енгізген. Республиканың транзиттік-көліктік әлеуетін нығайтуда, Астана халықаралық әуежайы көлік саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың міндеттерін басшылыққа ала және сүйенген райда, Қазақстанның жаңа буындағы көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға өз үлесін қоспақ.
2016 жылы жолаушылар терминалының іші-сырты ажарланып, түрленіп, ұшу-қону алаңына жауапты мамандар күрделі бүтіндеу әрекеттерімен айналыспақ. Тиісті іс-қимылдарға Ұлттық қордан қаражат бөлiнген әрі Еуропа қайта құру және даму банкiнен қарыз тартылуда. Қазақстан темiр жолы жағынан да тең қаржыландыру қарастырылған. Мәселен, Астана қаласының халықаралық әуежайы мен Еуразиялық қайта құру және даму банкі елорда әуежайын жаңғыртуға қатысты инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайлы өзара несиелік келісім шарт жасағаны белгілі. Игілікті істі тындыруға 8,5 млрд теңге көлеміндегі қомақты қаржы жұмсалмақ. 15 жылға түзілген, 3 жылдық жеңілдігі бар маңызды құжатқа Еуразиялық қайта құру және даму банкінің, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қол қойғаны мәлім.
Тәңірберген АРҒЫН
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды