Алматы – Шу: қазақстандық үлес жүз пайыз!

Жаңалықтар
06.09.2016, 11:44
 «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Алматы-1 – Шу бағытындағы темір жол телімінің екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру құрылысына «Темір жол жөндеу» ЖШС филиалы – «ПМС Бірлік» мекемесі белсенді  қатысуда.  Тоғыз жолдың торабына орналасқан Шу станциясынан 15 шақырым қашықтықтағы Кемер станциясынан бастау алған жобаны жүзеге асыру  бүгінде  өте қарқынды жүріп жатыр, жол бойында күнде бір жаңалық.  Жол машиналары станциясын «Шалқар – Бейнеу» темір жол құрылысын салып ысылған тәжірибелі маман Рахметов Сәкен Маратұлы басқарады. Кәсіпорында184 адам еңбек етуде.  – Бүгінде №5 учаскеде жолды төсеуге жер телімін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы бес шақырымды кәсіпорын жұмысшылары өз күшімен төсеп шықты. Торлама-решетка төселіп жатыр. Сондай-ақ жекелеген бригадалар су өткізу құбырлары құрылысын жүргізуде. Ал жоба бойынша барлығы 26 су өткізгіш құбыр және үш көпір бар. Оның 16-сын өз күшімізбен салуымыз керек. Бүгінде оның сегізі салынды. Ал бүгінгі күні біздің алдымызда жетінші учаскеде жұмыстар жүргізу міндеті тұр. Жоспар бойынша бұл учаскеде қыркүйек айында құбырларды салып бітуіміз керек. Одан кейін мердігер компаниялар жер қыртысын дайындайды. Сондай-ақ мұндай жұмыстар алтыншы учаскеде де жүргізілуі тиіс. Ал бізде барлығы жеті учаске бар. Оның бесеуінде, яғни Шоқпар станциясына дейін биылғы жылы пайдалануға беруіміз керек. Бізге қарасты   Шу станциясы мен Аңырақай арасы 32 шақырым. Аңырақайдан ары алматылықтар жұмыс жүргізіп жатыр. Ал екінші темір жол телімі құрылысы жүріп жатқан аумақта екі «толаскөз» өтті. Жұмыстар төртінші және бесінші учаскеде 7,3 шақырымда жүрді. Шағылтас төселіп, торламалар салынды. Қазір электрмен жабдықтау және сигнал беру, байланыс қондырғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталған соң жолды пайдалануға береміз. Құрылыс жұмыстарында қолданылып жатқан материалдардың барлығы дерлік отандық өнімдер. Сондықтан, қазақстандық мазмұн жүз пайыз деп айтуға негіз бар, – деді учаске бастығы.    Рельстер Ақтөбе рельс балқыту зауытынан жеткізіліп,  өндірістік базада  жолға төсеуге дайындалады екен. Тіпті, учаскелер бойынша төсеу кестесі де жасалынып қойған. Шағылтас  «Шоқпар-тас» ЖШС-нен тасымалданады. Серіктестік Шоқпар станциясына орналасқандықтан оны тасымалдауда еш кедергілер жоқ. Арман Аязбаев, жоба жетекшісі: – Қазір мұнда жер қыртысын дайындау жұмыстарымен қатар үш көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Көпірлер қыркүйек айының 15-де біту керек. Көпірлер құрылысымен қосалқы мердігер «МостстройАстана» компаниясы айналысуда. №№4,5 учаскелерде жұмыстар аяқталды. №№6,7 учаскелерде жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіліп, келесі жылға өтеді. Сондай-ақ бүгінде барлық учаске бойынша байланыс және сигнал беру құрылғылары орнатылуда. Жоғарыда айтқан №№6,7 учаскелерді электрмен жабдықтау жұмыстары да келесі жылы жүргізіледі. Қазір Шоқпар және Еспе станцияларында шкафтар орнатылуда. Мұндағы жұмыстар барлық сала қызметкерлерімен кешенді түрде жүргізілуде. 26 тамызға 10 сағатқа үлкен «толаскөз» өтті.  Яғни, үлкен екі су өтетін құбыр құрылысы жүргізілді.   Біржан Тұрсынбеков, аға жол шебері: – Өндірістік базада рельстерді дайындап, күрделі жөндеу жүріп жатқан немесе екінші телімнің құрылысы жүріп жатқан аумақтарға жөнелтеміз. Жұмыс көлемі жылдық жоспар бойынша бекітілген. Бүгінгі күні межеден қалмай келеміз. Жұмыс көлемі артқан кезде қосымша жұмысшыларды тартамыз. Қазір мұнда отыз адам еңбек етуде. Өзіңіз көріп тұрғандай жұмысшылар арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген. Қауіпсіздік және еңбекті қорғауда да жұмыстар ширақ. Базаның өзінде 16 телім бар. Осы телімдерде көктемгі және күзгі комиссиялық байқау кезінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Ескертулер болса жедел қалпына келтірудеміз.

Ерман Әбдиев, Бірлік

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады