Осымен екі жыл қатарынан жеті айлық көрсеткіштері бойынша Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясында құрылғылардың ақаулықтар мен бұзылу жағдайларына жол берілген жоқ. Атап айтқанда, СЦБ, УКСПС, КГУ құрылғыларының істен шығуына және олардың дабылдық жүйеде іске қосылуына,  пойыздық және маневрлық жұмыстарда ақаулықтар мен жұмыс өндірісі ережелерінің бұзылуына, белгілердің жабылуына жол берілмеді. Дистанцияда пойыз жүріп келе жатқан кезде ысып кеткен апатты жағдайдағы букстарды автоматты түрде анықтайтын 27 жинақ жабдық бар.    Аталған мерзім ішінде КТСМ құрылғыларымен барлығы 37755 пойыз қаралған. Бұл көрсеткіш былтыр 44013 болған. Сол тексеруден кейін екі жылда да 14 пойыз тоқтатылған. Көрсетілген мерзім ішінде АЛСН кодының бұзылуы бойынша 38 жағдай тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен біреуге артық.         Өзен-Болашақ телімінде аталған мерзім аралығында 628 рет пойыз жүріп өтіпті. Соның ішінде 357-сінде СИРДП-Е жүйесі бойынша қауіпсіздік жабдықтары қойылған локомотив жалғанған пойыздар өткен. СИРДП-Е жүйесі енгізілген пойыздардың қозғалысын бақылау кезінде 194 бұзушылық анықталған. Бүгінгі таңда Маңғыстау локомотив пайдалану депосында аталған жүйемен жұмыс істейтін 4 локомотив бар.      Жасалған жұмыс есебін талқылай келе дистанция директорының орынбасарлары мен өзге де қызметкерлеріне технологиялық үдеріс кестесінің сапалы орындалуын қатаң қадағалау, ай сайын СЦБ, байланыс, КТСМ құрылғыларының жұмысын талдап, істен шыққан бөлшектерін зерттеуді сапалы жүргізу, АЛСН коды мен СИРД-Е бұзылған кезде оны дер кезінде анықтап, себептерін талдау жұмыстарын жүргізу міндеттелді.

Нұрай Сәрсенғали, Маңғыстау