Шу аудандық соты үкім шығарды

Жаңалықтар
05.04.2019, 11:02

Өткен жылдың маусым айында Астана-Алматы бағытындағы №9 «Бәйтерек» жолаушылар пойызының 6 вагоны рельстен шығып, ал 3 вагоны аударылып, төтенше жағдай орын алғаны көпшіліктің есінде болар.

«Шығанақ - Шу» учаскесінің «Жиделі - Бірлік-1» аралығында болған апат салдарынан 1 адам қаза тауып, бірнеше жолаушы Шу қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілген еді. Жуырда осы апатқа байланысты Шу аудандық соты үкім шығарды. Аудандық соттың шешімі бойынша «Темір жол қауіпсіздігі қағидаларын бұзды» деген айыппен Шу жол дистанциясы бастығының орынбасары 3 жыл 6 айға және апат орын алған 2-ші учаскенің бастығы мен оның орынбасары 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Айта кету керек, сот процесі ұзаққа созылды. Осы аралықта 700 адамнан жауап алынып, 25 заңды және жеке тұлға жәбірленуші деп танылыпты. Алайда, жапа шегушілердің тек екеуінің ғана өтініші қанағаттандырылған.

Ал, қайғылы оқиғадан қайтыс болған 12 жастағы жасөспірімнің туыстарына сотталушылар моральдық және материалдық шығын есебінде 3,5 миллион теңге беретін болды. Сонымен қатар, апат салдарынан аяғын жарақаттап алған екінші жәбірленушіге «Жолаушылар тасымалы» АҚ 500 мың теңге көлемінде қаржы беруге міндеттелді. Бірақ, сотталушылар соттың үкімімен келіспей отыр. Сол себепті апелляциялық шағым түсірмек.

Динара БАТЫРХАИРОВА

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды