Басты бағыт - "Нұрлы жол"

Жаңалықтар
23.05.2016, 10:32
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Елбасыға ұлттық компанияның өткен жылғы қызмет нәтижесі мен биылға арналған жоспарлары жайлы баяндап, Ұлттық компания операторы саналатын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асыру барысынан ақпар берген.  Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін нығайтуда, экономиканы әртараптандыруда және де жаңа жұмыс орындарын құрып, жалпы ішкі өнімді еселеуде көліктік-логистикалық кешенді дамытудың маңыздылығын атап өткен. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев инфрақұрылымдық жобалар мен экспорттық бағыттағы жоғары технологиялы өндірістер, елдегі экономикалық саясаттың басым бағыты екеніне назар аударған. «Қазақстан темір жолы» компаниясының жетекшісі автомобиль және темір жол магистральдарын қайта құрылымдау, Каспий жағалауындағы порттық нысандарды жаңғырту, «Қорғас» экономикалық аймағы мен шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тыныс-тіршілігін өркендету қадамдары аясындағы барлық жұмыстар кестеге сай атқарылуда екенін жеткізген. Мәселен, былтыр «Боржақты – Ерсай» темір жол желісі қолданысқа тапсырылып, «Қорғас – Шығыс қақпа» АЭА «Құрғақ портының» тұсауы кесілді. Осымен бірге, Ақтау айлағының бірқатар нүктелері, Астанада орналасқан Орталық Азиядағы ең ірі көліктік-логистикалық орталық пайдаланымға берілгені аян. Осы жылдың аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паромдық кешен құрылысы аяқталып, «Алматы-1 – Шу» темір жол теліміндегі екінші жол бой көтеріп бітетіні көзделуде. Ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына орай, елордада әуежайдың халықаралық терминалы мен жаңа темір жол вокзалының құрылысы тәмамдалмақ. Тағы бір өзекті мәселе, Компаниядағы қызметті жетілдіру мен шығындарды қысқарту бағдарламасының жемісінде, экономикалық тиімділік 2015 жылы 169 миллиард теңгеден асып түскен. Контейнерлік пойыздарды жіберудегі белсенді іс-қимыл арқасында Қытай мен Еуропа арасындағы қатынаста транзиттік контейнерлік ағым өткен он екі айда 2 есеге өсіп, транзиттік тасымалдан келетін кіріс көлемі ортақ үлестен 28 пайызды төңіректеген. 2011 жылмен салыстырғанда 43 есеге көтерілген. Қазіргі таңда отандық темір жол көлігі өнімдерін Иран мен Украина нарығы қабылдауға мүдделілік танытып отырғаны да қуантады. Кездесу қорытындысында Елбасы нақты міндеттерді айқындаған. Бұл тұста Қорғасдағы қызу істің мән-жайына қанықтыра кетсек, Қытаймен қақпада 10,6 млн текше метр топырақ толық үйіліп, екі жолақты жол салынған. 23,7 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты төселген. «Қорғас – Алматы» тоннельдік үлгісіндегі көлік айырымы, контейнерлік терминал дүниеге келген. Алтынкөл станциясымен түйіспе нүкте, кіреберіс жолдар, Өнеркәсіптік станциясы, Құрғақ порттағы контейнерлік терминал сынды бөліктерден тұратын «Қорғас – Шығыс қақпа» жобасы темір жол телімінің техникалық дайындығы туралы акті бекітілгені де белгілі. Құрғақ порт операторы, кедендік рәсімдеу орталығы, басқарушы компания, өрт сөндіру депосы, уақытқа сақтау қоймасы тәрізді нүктелердің құрылысы тәмамдалғаны да біраз уақыт өтті. Құрғақ жүк порты құрамында контейнерлік алаң, кіреберіс темір жолдар, қоймалық жайлар пайда болған. Осымен бірге, қажетті істерге кіріскен тиісті жерде жиырма футтық өлшемдегі контейнерлердің өңделіп үлгергені, қаптамадағы, жекелеген өнімдердің белсенді таразыланып жатқаны мәлімделуде. «Қорғас»ХШЫО алқабында экспорттық-импорттық сауда әрекеттерін түзіп, уағдаластық шеңберіндегі логистика тізбегін жүргізуде инвестициялық жобалар бастау алған. Нәтижесінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тындырылудағы шарапатты жобалар, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетіне соны түрде серпіліс сыйлап, жаңа Жібек жолының экономикалық белдеуін құруға елеулі септігін тигізбек.  

Тәңірберген АРҒЫН

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды