Жоса құмның отаны – Жосалыда...
Жаңалықтар
09.09.2016, 15:49
Қызылорда жүк бөлімшесінің солтүстік бағыттағы нүктелерінің бірі Жосалы станциясынан жүк тиелімі артқан. Соңғы уақыттарда бекеттен жол құрылысына жарамды аймақ құмы – жоса тасымалданып, станцияның тіршілігінде тыным жоқ.
Вагондарға тиелген майда тас аралас жоса құмы Сексеуіл – Қоскөл теміржолы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысына жөнелтілуде. Станцияның 12 жолы мен қосымша 3 кірме және темір жол мекемелеріне бағытталған 3 жол станция тіршілігіне қосымша тыныс беріп тұр.
Жосалылық теміржолшылардың биылғы атқарған жұмысымен бес жылдан бері станция басшысы қызметін атқарып келек жатқан тәжірибелі маман Баянов Бауыржан Сағатұлы таныстырды.
– Жан-жақтан темір жолмен жүк тасымалдайтын клиенттерді көбейту шараларын ұдайы жүргіземіз. Соның нәтижесінде шілде мен тамыз айындағы жоспарды 100 пайызға орындап, айына 46 вагонға 3133 тонна жүк тиеуге қол жеткіздік. Олардың 68,1 тонналық статистикалық жүктемесі де 100 пайыз орындалды. Ал сегіз ай ішінде 126 вагонға 8488 тонна жүк тиеу межесі 97,8 пайызға атқарылды. Осы аралықта 589 вагоннан жүк түсіру межесі 659 вагонға жетіп, жоспар 111,9 пайызға артығымен орындалды, – дейді станция басшысы.
Жосалы станциясынан негізгі жөнелтілетін құрылыс шикізаты ретінде тас аралас жоса құмымен қатар өзге де құрылыс заттары тиеліп түсіріледі екен. Станция жұмысын тұрақты пайдаланатын «АНК Даулет», «Қ. Есдаулетов», «Ж. Жаппасбаев» және «Е.Ешмұратов» секілділер сенімді серіктестермен қоян-қолтық жұмыс атқарады.
Станцияның тынымсыз тірлігінің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген тәжірибелі теміржолшылар қатарында станция кезекшісі Бақытбек Пірмаханов, құжат өңдеуші Ақжанат Ақылбекова, тауар кассирі Жұмагүл Балмаханова, жүк қабылдап-жөнелтуші Әсем Өтегенова мен парк кезекшісі Қайырбек Жалғасбаевтар кейінгі жастардың үлгі тұтар ұстазына айналған.
Жолшылар күздің алғашқы айының жаймашуақ күнін пайдаланып жатыр. Ірілендірілген Қазалы жол дистанциясының Жосалыдағы 5 телімі 22 айналымының жол жетекшісі Балтабек Шахиевтың бригадасы станция жолдарында жол көтеру жұмыстарын атқаруда. Жол шебері жанындағы жолшылармен бірге ток күшін беретін генератор – «жезко» мен шпал астына тасты нығыздап салатын құрылғы – «подбойканың» көмегімен жұмыс жүргізіп, астына тас нығыздап тығылған шпалдардың тұсындағы рельстердің техталапқа сай болуын бақылауда ұстау үшін қолына ұстаған шаблонмен қос рельс арасын тексеруден өткізіп жатты. Станциялық жолдардың техникалық сапасына жауапты жолшылардың жұмысын бақылаған станция басшысының әрекеті қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда жауапкершіліктің ортақ екендігін сезінуі деп бағаладық.
–Біздің бригада тәжірибелі жолшылардан жасақталған. Бүгінгі рельс көтеру жұмысын атқарып жатқан Қайрат Құрманбай, Мұратбек Маханов секілді жол жөндеушілер жауапкершілігі жоғары, қолға алған жұмыстың қиюын келтіретін нағыз майталмандар, – деді жолшыларымен мақтанған жол жетекшісі.
Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Жосалы
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады