Ақтөбе рельсарқалық зауытының  тапсырысымен  Ресейдің «Машпром» компаниясы өз тауар матрицасын прокат өндірісіне қажетті жаңа өніммен толықтырды. «Нижнетагиль машина құрастыру зауытында» жасалған бақылау стенды прокат шеңберлердегі калибр кесінділерін тексеруге арналған. Жаңа жобаны жүзеге асырған «Машпром» Қазақстан Респубилкасындағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жанама қатысушысына айналды. Зауыттың рельсарқалық шеберхана-цехына қажетті жабдықты жасағаны үшін осындай мәртебеге ие болып отырған жайы бар. Жобалау барысындағы шешімдер бірқатар артық қондырғылардан бас тартуға мүмкіндік берді. Осылайша жобаның құны 30 пайызға арзанға шығып отыр. Стендтің жалпы салмағы, «Машпромнан» хабарлағандай, 3061 килограмм, бұл ретте процесс кезіндегі жалпы салмақ 44 000 келіге жетеді. Стендті бір оператор қолмен реттей береді. 2016 жылдың жаз айларында аталған қондырғы Ақтөбе рельсарқалық зауытының шеберханасында қолдануға берілді. Бақылау стендін қабылдау барысында өнімнің тапсырыс беруші көрсеткен техникалық талаптарға сай екендігі белгілі болды. Айта кетеуік, «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен жеке инвесторлардың қаражатына салынған инновациялық кәсіпорынның жобалық  қуаттылығы жылына 430 мың тонна өнім, оның 200 мың тоннасы ұзындығы 120 метр болатын рельстер.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе