Біртұтас кеңістікте бірыңғай мақсатты көздейді
Жаңалықтар
23.05.2016, 11:41
Үстіміздегі жылдың 18-19 мамыры күндері Тбилисиде Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің темір жол көлігі бойынша Кеңесінің 64-ші отырысы өтіп, оның жұмысына «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының делегациясы да қатысты.
Атап өтерлігі, осы шара қарсаңында Грузия астанасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің төрағалығымен Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту бойынша Үйлестіру комитетінің кезекті жиналысы өткен болатын. Осы жиында сөз алған Асқар Мамин Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарының бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің, оның Еуразияның маңызды көлік дәлізінің бірі ретінде бағдар болып қалыптасуының маңыздылығын атап өтті.
–Үйлестіру кеңесі құрылғаннан бергі уақытта тиімді тариф саясатын түзуге, жүк тасымалының бірыңғай технологиясын енгізуге, Nomad Express біріккен ықпалдасқан логистикалық өнімді құруға қатысты ауқымды жұмыс атқарылып, бірінші контейнерлік пойыздар жіберілді, сондай-ақ, Халықаралық транскаспийлік көлік консорциумы құрылды, – деді ҚТЖ басшысы.
Осы кеңес отырысы барысында, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары бойынша контейнер, вагон, контейнерлік тасымалдарға қатысты бәсекеге қабілеттілік мөлшерлемелерін бекіту мәселелері талқыланды.
Аталған бағдар бойынша тасымалды дамытуды, сондай-ақ, Комитеттің қызметін үйлестіру және тиімділігін арттыру үшін, ТХКБ-ны дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің тұрақты кеңсесін штаб-пәтерімен бірге Астанада ұйымдастыруға ұсыныс жасалды. Сонымен қатар Халықаралық транскаспийлік көлік консорциумының жұмыс жоспары бекітілді.
Еске сала кетсек, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары Каспий аймағы елдерін дамытуға және олардың көлік әлеуетін арттыру үшін құрылған еді. Бұл бағдар Қытайдан Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы әрмен қарай Еуропаға жалғасады. Әсіресе, Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары контейнерлік тасымалды дамыту үшін үлкен мүмкіндік пен әлеуетке ие бағдар, сондай-ақ, еуразиялық құрлықта сауданың өсуіне ықпал етеді.
Отырыс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин бірауыздан Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту бойынша Үйлестіру комитетінің төрағасы болып сайланды.
Ал Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің темір жол көлігі бойынша Кеңесінің 64-ші отырысында Кеңестің өткен жиынындағы шешімдерінің орындалуына қатысты қорытындылары жасалып, сонымен қатар, былтырғы жылдың және биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы темір жол желілерінің пайдалану жұмыстарының нәтижелері шығарылды.
Күн тәртібінде, халықаралық қатынаста жолаушылар тасымалының ұйымдастырылуы, 2016-2017 жылдарға арналған пойыздар қозғалысы кестелерінің нормативтері, контейнерлердің өткен жылғы санағының нәтижелері, алдағы жүк вагондары санағына дайындық, тасымал мен көрсетілген қызметтерге қатысты өзара есеп айырысулар сияқты мәселелер де назардан қалыс қалмай, талқыға түсті.
Бұдан бөлек, 2015 жылға арналған ТМД елдерінің темір жол көлігінде келісілген Тарифтік саясатын белгілеу тұжырымдамасы туралы 1996 жылдың 18 қазанындағы Достастық елдері үкімет басшыларының Кеңес шешімінің орындалу барысы туралы ақпарат жария етілді. Жалпы, бұл жиын барысында Достастық елдерінің темір жол желілері бойында жолаушылар және жүк пойыздарының кедергісіз қозғалысын және темір жол көлігінің үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге қатысты 10-нан астам мәселе қаралып, оң шешімін тапты.
Гүлнар ЕЛЖАСОВА,
Ислам ТАЛҒАТ
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды