Электрондық дерек алмасу жетілдіреді

Жаңалықтар
29.05.2019, 17:50

Өзбекстан теміржолшылары қазақстандық электрондық деректер алмасу жүйесіне қызығушылық танытуда.

Елордада Қазақстанның және Өзбекстанның теміржолшылары экспорттық және импорттық деректерге қатысты электрондық алмасу саласында ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, сондай-ақ, шекара арқылы өтетін жүктер туралы алдын ала ақпарат бойынша ертеректе қол жеткізілген келісімдерді орындау мәселелерін талқылады.

«Узбекистон темір йуллари» АҚ өкілдеріне республикаішілік қатынаста жүктерді вагондармен, контейнерлермен, топтық және маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау кезінде қағазсыз технологияны енгізу, жүктерді Ресейден Қазақстанға және кері тасымалдау бөлігінде Шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (АБЖ) функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

«Біз ынтымақтастыққа қашанда ашықпыз, өз тәжірибелерімізбен әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз. Біздің бірлескен күш-қуатымыз деректерді электрондық алмасудың қолданыстағы жүйесін жетілдіруге, қағазбен іске асырылатын құжат айналымын төмендетуге, сондай-ақ, Қазақстан және Өзбекстан аумағы бойынша жүктерді тасымалдау және жөнелтудің тиімді үдерісін және ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр», – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы Мұхтар Махамбет.

Кездесу нәтижесі бойынша екі елдің теміржолшылары Сарыағаш және Қарақалпақстан мемлекетаралық түйіспе пункттері арқылы Қазақстан және Өзбекстан аумағына тасымалданатын жүктерге ілеспе құжаттардың электрондық алмасу жүйесін жетілдіру саласында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға сөз байласты. Бұл бастаманың жүзеге асуы әртүрлі рұқсатнама процедураларынан өту уақытын едәуір қысқартып, транзиттік тасымалдың өсу динамикасына оң ықпалын тигізбек.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды