Тамыз айында басталған тазалық жұмыстарының нәтижесінде, бүгінде Маңғыстау вокзалы ғимаратының іші-сырты түгелдей күл-қоқыстан тазарды. ─ Дикторлар мен пойыз кезекшілерінен бөлек бізде сырттың тазалық жұмыстарымен айналысатын 3, жолаушылар залының еден-терезесін жуып-сүртетін 2 қызметкеріміз, қарауылдарымыз бар, штатта барлығы 21 адам жұмыс істейді. Жұмысшыларымыз күндегісін таңертең 2-3 сағат, үстеріне көне киімдерін киіп, қолдарына қажетті «құрал-саймандарын» алып, жұмысқа бел шеше кірісіп кетеді. Шөп жұлып, айналаны тазартады. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін  жалғасады. Жүргізілген жұмыс аясында 103,2 текше метр қоқыс шығарылды, – дейді Маңғышлақ вокзалы бастығының орынбасары Қазына Бекжігітова. Оның айтуынша, тазарту жұмыстарын тұрақты түрде өткізу вокзал бастығы Людмила Нұрмамедова мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіндегі техникалық бөлім мамандарының ұдайы назарында. Өйткені, тазарту жұмыстарынан соң әр мезгіл есеп беріліп, уақытылы акт жасақталады екен.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау