Вокзал қызметкерлері курстан өтті

Жаңалықтар
29.05.2019, 14:06

Еліміздегі бірқатар вокзал қызметкерлері «ҚР кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бағдарламасы бойынша Теміржол көлігінің қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығында курстан өтті.

Үш жыл сайын өткізіліп тұратын аталған курсқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шар, Аягөз, Жаңақорған, Арыс, Төретам станцияларының қызметкерлері қатысты. Солардың арасында «Нұрлы жол» вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов, вокзал басшысының кезекші көмекшісі Алмат Дусаев та болды. Оқыту барысында үйренгендерімен бөліскен олар емтиханды жақсы тапсырып шыққан.

– Оқу орталығының мұғалімдеріне әріптестермен кәсіби тәжірибе бөлісу мүмкіндігін беріп, кәсіби деңгейімізді арттыруға ықпал еткендері үшін алғысымызды білдіреміз. Бір апта ішінде алғашқы көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өндірістік жарақат алу мен оның себептері, зерттеу жүргізу жұмыстары және тағы басқа тақырыптарда өте көп нәрсе үйрендік. Енді біз тек теміржолда ғана емес, барлық қоғамдық орындарда, үйде болсын аяқ астынан есінен танып құлаған адамға қалай көмек көрсетуді жақсы білеміз, – дейді Алмат Дусаев.

Курс аяқталған соң оның қатысушыларына емтихан барысында 60 сұрақ қойылған. Соның 60 пайызынан астамына дұрыс жауап бергендерге алдағы үш жылға дейін жарамдылығы бар сертификат берілген. Ал өте алмағандар үш жылдан кейін осы сынақтан тағы өтуі керек. Оқу аяқталғаннан кейін келген өңірден келген қатысушыларға «Нұрлы жол» вокзал кешенінде экскурсия ұйымдастырылды.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды