Теміржолшылар балаларды қорғаудың үшайлығын бастады

Жаңалықтар
03.06.2019, 16:38

Ағымдағы жылдың 28 мамырында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚда теміржол инфрақұрылымы нысандары орналасқан аумақта жүру барысында ережелерді сақтау мәселелері бойынша брифинг өтті.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев жарақаттанудың алдын алу бойынша теміржолшылар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, биыл өткен төрт ай ішінде локомотив пайдалану деполарының машинистерімен жолда бөгде адамдарды басып кетудің алдын алу үшін 880-нен астам рет шұғыл тежегішті басқан. Тек 10 жағдайда адамды басып кетудің алдын алу мүмкін болмаған. Үш жағдайда 2002, 2006, 2008 жылдары туылған балалар қаза болған. Бақылаусыз қалған балалар ойнауға темір жолды таңдап алып, вагондарға шығып, соңы ажал құштырған электрожарақаттар алған.

Бүгінде көптеген адамдар құлаққап киіп алып, жол үстімен жүріп, жақындап қалған пойыздың да ащы үнін естімей жатады. Адамдардың бейқамсыздық танытуы, қырағылықты жоғалтуы, сайып келгенде, қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Осындай мәселелерге алаңдаушылық білдіретін теміржолшылар ұдайы халыққа қауіпсіздікті сақтау ережелерін түсіндіріп, кездесулер өткізіп тұрады.

Айталық, ағымдағы жылдың төрт айында да еліміздің әртүрлі өңіріндегі теміржолшылар 18 мыңнан астам мектеп оқушылары мен 12 мыңнан астам адамға теміржолдар мен нысандарда жүру кезінде қандай қауіп-қатерлердің болуы туралы кеңінен баяндап берген. Сонымен қатар оқу мекемелері мен кәсіпорындарға бейнероликтер көрсетілген 313 әңгімелесукеңестері ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, қауіпсіздік жөніндегі 5000нан астам жадынама әзірленіп, 10ға жуық бейнеролик шығарылып, таратылған.

«Желілік ішкі істер департаменті, Әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп теміржолдардан өту ережелерін түсіндірген 900-ге жуық әңгімелесулер өткізілді. Теміржолшылар негізгі жұмыстарынан бөлек, алтын уақыттарын бөліп, оқу жылының соңында мектептерде өтетін ата-аналар жиналысына қатысады. Жиналыстарда ата-аналарға балаларды бақылауда ұстау керектігін еске сала отырып, теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екендігін түсіндіреді. Қауіпсіздік мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің 63 отырысы өтті. Оған көлік прокуратурасы, полиция, өзге де тиісті қызметтер мен БАҚ өкілдері шақырылып, қатысты. Міне, қазір жазғы каникул басталды. Осыған орай, балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша үш айлық жарияланып отыр. Оның шеңберінде тұтас шаралар кешені ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар кейбір қалалар мен ауылдардағы теміржолға жақын орналасқан оқу мекемелері жанындағы лагерьлерде қауіпсіздікке арналған сағаттар өтетін болады. Балаларға темір жолда өзін ұстау ережесі ойын түрінде әңгімеленіп, мультфильмдер мен бейнефильмдер көрсетіледі», – деп атап өтті Айтым Құрақбаев.

Теміржолдарда жарақат алу – бұл тек теміржолшылардың ғана емес, жалпыға ортақ әлеуметтік проблема. Сондықтан сала еңбеккерлері адамдарды теміржолда қырағы және сақ болуға шақырады. 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды