Жолаушылар вагондарының жазғы маусымға дайындығы қандай?

Жаңалықтар
03.06.2019, 17:55

Жақында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ұйымдастыруымен жолаушылар вагондарының жазғы маусымға дайындығы мәселесі қарастырылған дөңгелек үстел өтті.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдайтындықтан вагондардың тазалығы мен зиянкестерден ада болуын бірінші орынға қойып отыр. Бір рейс кезінде жолаушылар пойыздарының құрамы 1000 км-ден астам жол жүреді. Осы уақыт аралығында пойыздардың сырты әбден ластанып, көркі келіспей қалуы мүмкін. Ұзақ жол жүру кезінде пойыздардың вагон шанақтарына тежегіш қалыптардың үйкелуінен шаң жабысады, сонымен қатар тепловоз тартқышындағы отынның жануынан пайда болатын түзінділер басады, одан басқа жолдың шаңы тағы бар. Сондықтан әрбір рейс алдында арнайы жуу құралдарымен вагондардың іші-сырты жуылады.

«Вагонсервис» АҚ вице-президенті Данияр Нұрекешовтің айтуынша, вагондардың сыртын жууға мына қызметтер кіреді, яғни шанақтарды жуу, терезе әйнектерін тазалау, баспалдақтар мен тұтқалар тазалығы. «Тұлпар-Тальго» вагондарына Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан арнайы техникалық қызмет көрсету қосынында ішкі тазалау жұмыстары жасалады. Одан бөлек Алматы мен Ақтөбе қалаларында вагон жуу кешендері жұмыс істейді. Оларда жыл бойына стандартты жолаушылар вагондары шанақтарының сыртын жуу жұмыстары жүргізіледі.

Күн сайын мыңдаған адамды тасымалдайтындықтан темір жол көлігінде де басқа да қоғамдық орындар секілді түрлі зиянды жәндіктер, кеміргіш зиянкестер, жәндіктердің көбейіп кету қаупі жоғары. Сондықтан «Жолаушылар тасымалы» АҚ дер кезінде және толық көлемде дезинфекция, дезинсекция, дератизация сияқты залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырады. 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды