Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау
Жүк артады деп күтілуде
Оқуға 1 мин
Атырау жүк тасымалы бөлімшесі арқылы жөнелтілетін жүктің 80 пайызы мұнай өнімдерін құрайтыны белгілі. ТШО мен АМӨЗ мұнай өнімдері тиелген цистерналар, негізінен, Ақтау порты мен Ресейдің Красноярск өлкесінің Вышестеблиевская станциясындағы терминал бағытына жөнелтіледі.
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның «ЖТ» Атырау бөлімшесі» филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Болатбек Меңдешовтің айтуынша, «Атырау МӨЗ» ЖШС реконструкциядан кейін екінші жартыжылдықта өнiмдерiн көбейтуді жоспарлаған. Яғни, мұнай өңдеу зауыты темір жол арқылы бензолды – 2016 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін ай сайын – 700 тонна, ал жыл аяғына дейн 4000 тонна тиеп, тасымалдамауды жоспарлап отыр екен. Сондай- ақ, қалған жарты жылға: пеш отыны – 62 600 тн., қара май (мазут) – 491 140 тн., вакуум газойль – 126 000 тн., кокс – 58 000 тн., автобензин – 562 100 тн., дизель отыны – 700 320 тн., реактив отыны – 122 000 тн. тасымалдау жоспарлануда.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау бөлімшесі пайдалану жүк айналымын 102 пайызға орындаған болатын. Ол өз кезегінде бөлімшенің техникалық жоспарының 106,5 пайызын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 102,4 пайызға артық болды.