Нұр-Сұлтан станциясында үшайлық жалғасуда

Жаңалықтар
08.06.2019, 10:22

Нұр-Сұлтан станциясында биыл 15 мамырда басталған «Темір жол станциясының сапалы техникалық тарату акті (ТРА) – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі» атты үшайлық жалғасуда.

Бұл айлық барысында атқарылатын шаралар тізілген жоспарға сәйкес барлық жұмыс орындарында үшайлықтың өткізілетіні туралы аншлагтар ілінген. 17 мамырға дейін техникалық тарату актінің қолданыстағы құрылғымен сәйкестігін тексеруге жұмысшы тобы құрылған. 28 мамырға дейін жүк қабылдап, жөнелтетін жолдардың, атап айтқанда, жұп, тақ, басты, сұрыптау, ранжирлік, дөңесалды парктеріндегі жолдардың іс жүзіндегі пайдалы ұзындығының станция ТТА-сымен сәйкестігі тексерілген. Кіреберіс жолдарда қозғалысты ұйымдастыру және қызмет көрсету туралы жергілікті нұсқаулықтың техникалық құжатпен және вагондарды жуу және тапсыру шартына сәйкестігі де назарға алынған. Сонымен қатар станцияның пойыздар қабылдап, жөнелту, жүк түсіріп, тиеу, ақаулы вагондарды ағыту бойынша жұмыстарының технологиялық процестерінде ТЖБАЖ, яғни тасымалды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесіне мәліметтер енгізу реті де тексерілуде. Айлық шеңберінде СОБ нұсқаулығы пульт табломен, станцияның ауқымды жоспары ТТА 1.5 тармағымен салыстырыла қаралады. Барлық өзгерістер енгізілген соң ТТА қайта жасалады және оның мәліметтері мен қосымшалары толықтай тексеріледі.

– Жалпы станцияның ТТА-сі пойыздарды жөнелту және өткізу, сонымен қатар кедергісіз, әрі қауіпсіз қабылдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдарды қолдану тәртібін, маневрлік жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ретін бекітеді. Еліміздегі барлық станцияларда өткізіліп жатқан үшайлық шеңберінде станция ТТА-сі мен оның қосымшасын жасау бойынша жауапты тұлғалардың білімі тексерілуде. Бұл өте маңызды шара 15 тамызда аяқталады, – дейді станцияның бас инженері Бақытхан Әбеуов.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда