Жолаушы вагондары жазға дайын

Жаңалықтар
10.06.2019, 09:39

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өзіне қарасты вагон паркінде жазғы маусымға дайындық жұмыстарын аяқтап, алдағы үш айда 6 миллионға жуық жолаушыны тасымалдамақшы.

Жазғы дайындық барысында барша вагондардың сыртқы келбеті мен ішкі санитарлық жағдайы толықтай тексерістен өтті. Атап айтсақ, вагонның сыртын жуу, жылжымалы механизмдерді майлау, тамбурларды сырлау, титан, ауа жылыту және желдету жүйелерін тазарту, фильтр ауыстыру, гигиеналық бөлмелердегі құрылғыларды ауыстыру, едендерді ретке келтіру, аккумуляторлардың тығыздығын тексеру сияқты шаралар жүзеге асты. Ал желдеткіші жоқ вагондарда терезелердің оңай ашылып, жабылуы тексерілді.

Қазіргі таңда Компанияда қаламаңы тасымалымен қоса есептегенде 115 бағыт бар. Оның 105-і әлеуметтік маңызға ие бағыт болса, қалған 10-ы коммерциялық бағыттар. Жолаушы тасымалдайтын 2229 вагон бар. Оның 670-і – Тұлпар-Тальго, 1443 – стандартты вагондар, 116-сы – электро-дизель. Стандартты 917 вагонда, барлық Тұлпар-Тальго және 51 электро-дизель вагондарында ауаны салқындату жүйесі қарастырылған.

Ұлттық тасымалдаушының алдағы он жылға жоспарлаған жұмысы да ауқымды. Компания өзінің вагон паркін жаңартып, 1200 вагон сатып алуды көздеп отыр. Жолаушыларға көрсетілетін сервистің жоғары деңгейде болуына Қоғам мүдделі.

Сондықтан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның әлеуметтік желілерде парақшалары да бар. Егер жолаушы жол үстінде көңілінен шықпайтын фактілерге тап болса, жағымсыз иіс, лас дәліз, әжетхана бөлмесіндегі судың тапшылығы, жыртық төсек-орын, тағысын тағылар, онда міндетті түрде жолсерікке немесе пойыз басшысына шағымдануға құқылы. Не болмаса фотобейне түсіріп, 1433 бірыңғай қызмет орталығына немесе Компанияның ресми сайтындағы Бас директордың блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelyapravleniya/») жазып жіберуіне болады. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі (Facebook, Vkonakte) біздің парақшаларымызға өтінім қалдыра алады. Facebook – https://www.facebook.com/profile. php?id=100025640414173; VK – https://vk.com/ temirzholy. Бұл орайда пойыз бен вагон нөмірі, бағыты және өз орныңызды атап өткен абзал. Барлық түскен шағымдар ескеріліп, шара қолданылады. 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда