«Денсаулық» пойызы 36 күнде 36 станцияға тоқтады

Жаңалықтар
10.06.2019, 13:11
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 29 сәуірде Алматы қаласынан сапарға шыққан «Денсаулық» пойызы осы аралықта 36 станцияға тоқтап, барлығы 260 мыңнан астам шалғай ауылдар тұрғындарына қызмет көрсеткен.

Қазақстанның темір жол бойындағы шалғай аудандарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық пойыз жолға шыққалы бүгінге дейін 36 күн ішінде Медеу, Жетісу, Байсерке, Жетіген, Екпінді, Шелек, Құндызды, Алтынкөл, Іле, Қосқұдық, Дала, Жоламан, Малайсары, Айнабұлақ, Көксу, Егінсу, Лепсі, Жайпақ, Достық, Бескөл, Ақтоғай,Таңсық, Аягөз, Үшбиік, Жарма, Жаңғызтөбе, Предгорная, Тишинская, Черемшанка, Огнёвка, Зыряновск, Тургусун, Заводинка, Бұқтырма, Суықбұлақ, Ауыл станцияларына тоқтап, сол елді мекендер тұрғындарын қабылдаған. Мамандардың берген мәліметіне қарағанда, осы станциялардан барлығы 5216 адам медициналық тексеруден өтіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары 2343 адамға жүргізілген. 4 маусымдағы дерек бойынша медициналық пойыз Белағаш станциясының халқына қызмет көрсетуде.

Еске сала кетейік, осы жылы аталған пойыз бойынша медициналық көмек алатын облыстар саны артып отыр. Пойыз 21 желтоқсанға дейін 14 облысты аралайтын болады. Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілген. Одан әрі пойыз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Бұдан әрі «Денсаулық» пойызының батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікте жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетті айналып өтеді, ал жалпы жүріп өту қашықтығы 19 000 км-ден аспақ.

Жобаның іске қосылуы еліміздің шалғай аудандарында сапалы медициналық көмекке қолы жетпей жүрген тұрғындар үшін өте маңызды. Келген халыққа жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін жоба аясында әрбір адам тегін медициналық көмек ала алады. Өткен жылы медициналық пойыздар 124 станцияны аралап, 42 мыңға жуық халыққа қызмет көрсеткен. Биыл 60 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсету жоспарлануда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Әлеуметтік жобалар қоры жоба әкімшісі болып табылады және пойыздардың жұмысы, техникалық қызмет көрсетілуі, жөнделуіне жауап береді. Қор пойызды, құралдарды күзету, сақтауды, персоналды күзетуді ұйымдастырып, пойыз құрамын тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Бағдардың барлық бағытында пойыз телефон және интернетпен үздіксіз қамтылады. Ал пойыздың тоқтаусыз жұмысы пойыз бригадасының міндетінде.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда