Экологиялық қауіпсіздікке үлес - өзіңнен

Жаңалықтар
11.06.2019, 08:49
Оқуға 2 мин

Үстіміздегі жылдың 5-6 маусымында еліміздің барлық аймақтарынан келген «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің мамандары Тараз қаласында өткен өндірістің экологиялық қауіпсіздігі және қызметкерлердің жауапкершілігі бойынша семинарда бас қосты.

Семинар барысында теміржолшылар қоршаған ортаны қорғау саласында нормалардың сақталуы, ішкі бақылауды ұйымдастыру және экологиялық талаптардың бұзылуына, тәуекелге бағдарланған жоспарлауға, тиімді мониторингілеуге жауапкершілікті арттыру және экология саласында ашық есептілікке қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Дүние жүзінде темір жол көлігі электрлі тартымдық қызметін кең қолдану есебінен, яғни ауаға тасталатын зиянды заттары жоқ және де жерді ауыр металдармен ластамайтындықтан, мейлінше экологиялық таза көлік түрі ретінде танылып отыр.

«Компания табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Техникалық қайта жарақтандыру есебінен қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді төмендету қамтамасыз етіліп отыр. Айталық, тепловоздардың ескі қозғалтқыштарын заманауи едәуір экологиялық таза түріне алмастыра отырып, күрделі жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар теміржолға жетілдірілген сипаттамасы бар жаңа буын локомотивтері келіп жатыр. Кезеңкезеңмен үй-жайларға жаңа жылыту жүйелері мен сужинақтаушы технологиялар енгізілуде», – деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев.

2019 жылдан бері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық желілік және аймақтық құрылымдық бөлімшелерінде қағаз, пластика, шыны сияқты қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бағдарламасы жүзеге асырылуда, аталған заттарды жинау үшін 200-ге жуық арнайы алаң жабдықталған. Бұл жұмыстар шикізатты екінші рет пайдалануға, көму нысандарына келіп түсетін қалдықтар ағынын төмендетуге бағытталған. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 400-ге жуық бокс бума, 100 бокстан астам пластика және 70-тен астам шыны шығарылған. Сөйтіп, жобаны енгізу нәтижесінде 3,8 млн теңге көлемінде қаржы үнеміне қол жеткізілген.

Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 1 наурызынан жыл соңына дейін Жүк тасымалында «Жасыл жұма» экологиялық акциясы өтуде. Бұл акцияның мақсаты – бірте-бірте әрбір қызметкердің санасында экологиялық жа- уапкершілікті қалыптастыру, су, отын-энергетикалық ресурстардың мол үнеміне қол жеткізу, сондайақ, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді төмендету екен.

Акцияның бастаушысы – «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ-ның Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті арнайы жадынамалардың көмегімен теміржолшыларды қарапайым ережені сақтауға шақырып отыр. Яғни, жұмыс күнінің соңында оргтехниканы сөндіріп кету, жарықтың тиімсіз көздерін пайдаланбау, қатты тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, тағысын тағылар. Яғни, экологиялық қауіпсіздікке үлесті әркім өзінен бастауы тиіс дейді семинарды ұйымдастырушылар.

Семинар соңында Орал, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Илецк, Қызылорда жүк тасымалы бөлімшелерінің және Достық аймақтық телімінің қызметкерлеріне экологиялық қауіпсіздікті дамытуға қосқан үлестері үшін мақтау грамоталары табыс етілді. 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет