Жазғы маусымға - қосымша пойыздар

Жаңалықтар
14.06.2019, 12:49

Жаз – демалыс маусымы. Көліктің кез келген түріне сұраныс артып, әсіресе ұшақ пен пойызға билет қасқалдақтың қанындай тапшы болып, бағасы шарықтап кететін кез – дәл осы маусым.

«Жолаушы тасымалы» компаниясы осыған орай тек жаз маусымында бірнеше пойызға қосымша құрамдар жіберетінін хабарлап отыр. Атап айтқанда, №201/210 қатынасындағы «АлматыТүркістан» пойызы 13 маусым мен 30 тамыз аралығында бұрынғыдай бір рет емес, аптасына екі рет қатынайтын болады.

Сол сияқты №207/208 қатынастағы «Алматы-Шымкент» жолаушылар пойызы да осы сөз болып отырған аралықта аптасына 2 рет жүріп тұратын болады.

№205/206 қатынасындағы «Маңғыстау-Бейнеу» пойызы бұрын аптасына 2 рет жүрсе, енді жаз маусымында ол күнара жүретіні де түбек халқының көңілінен шығатыны сөзсіз.

Сондай-ақ, 30 маусым мен 30 тамыз аралығында «Нұр-Сұлтан» – Достық» бағдары бойынша қосымша пойыз жіберілетін болады деп күтілуде. Жаңа пойыз аптасына 2 рет жүретін болады.

Ұлттық тасымалдаушы мұның бәрі жаппай демалыс маусымында билет тапшылығы туындап, дүрбелең орын алмас үшін жолаушы халықтың игілігі үшін жасалып жатқанын айтады. Дегенмен, азаматтарға сапарларын алдын ала жоспарлап, билетке де алдын ала тапсырыс беріп, сатып алудың тиімділігін ескертеді. 

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті