Маңғыстау жастары бас қосты

Жаңалықтар
23.05.2016, 14:44

Маңғыстауда теміржолшы жастардың аймақтық форумы болып өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Маңғыстау жол бөлімшесі директоры Н. Ғұбашев бүгінгі шара жастар саясатына «ҚТЖ» ұлттық компаниясының жастар саясатын қолдаудағы айқын көзқарасы деді.

         Аймақтағы теміржол мекемелеріндегі жастардың басын қосқан жиын  «ҚТЖ» ҰК» АҚ  әлеуметтік жұмыстары жөніндегі департаментінің жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруыменен жүзеге асқан. Бөлім жетекшісі Жанар Беркенова  форумды өткізудің мақсат-міндеттеріне тоқталып, жастарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі компанияның ұжымдық келісімшартында көрініс тапқанын айтты.

    – Біз республикадағы барлық теміржолшы жастарға «Болашақ басқарушылар» және «Жоба – менеджмент» бағдарламалары бойынша аймақтық инновациялық оқыту -тренингтерін жүргізуді қолға алдық. Былтыр да осы шараны Ақтау қаласында өткізген болатынбыз. Жастарды маңызды бағыттар бойынша оқытып, нәтижесінде Шетпе станциясының пойыз құрастырушысы Руслан Сақтағановтың жобасы үздік үштікке енген болатын. Биыл да осы үрдісті жалғастырмақшымыз, жастар идеясы біз үшін маңызды, – деді ол.

             «Болашақ басқарушылар» мен «Жоба – менеджмент» бағдарламалары кәсіби мамандарды таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, инновациялық ойларды, үздік жобалар мен кәсіби деңгейлері жоғары жас теміржолшыларды іздеуге бағытталған.  Аталған екі бағдарламадан өткен жастар жыл соңында Астана қаласында өтетін респбликалық жастар форумына жолдама алады. Ол үшін ұсынылған жоба арнайы 4G жүйесіне енгізіліп, жобаның компанияға қаншалықты тиімді екендігі, қанша табыс әкелетіндігі, экономикалық жағдайы, рентабельдігі сарапқа салынады. Сүзгіден өткен соң ғана, арнайы сарапшылар тобы аймақтағы қай жоба көзге түссе Астанаға жолдама алмақ.

            Форум жұмысы екі күнге созылды. Теміржолшы жастар түрлі тақырыптарда дәріс тыңдап, тренингтерге қатысты. Семинар соңында инновациялық оқыту тренингіне  қатысқан жастардың барлығына арнайы сертификат табысталды.

 

                                  Анаргүл Жексембайқызы, Маңғыстау

Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды