Енді Ауғанстан теміржол көлік жүйесі қазақстандық рельстермен жүретін болады

Жаңалықтар
18.06.2019, 12:04
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Отандық экспорт жаңа нарыққа шықты. Қазақстанда жасалған рельстерге Ауғанстан елі қызығушылық танытып отыр. 120 метрлік жоғары сапалы рельстер қазіргі уақытта Кабул қаласында салынып жатқан теміржолға төселіп жатыр.

Жуырда, яғни 25-26 маусым аралығында Ауғанстан астанасы Кабул қаласына қазақстандық тауар өндірушілерге арналған экономикалық көрме өтеді деп күтілуде. Іс-шараның мақсаты – іскерлік қарым-қатынасты нығайту. Ауғанстандық және қазақстандық кәсіпкерлар арасында тұрақты байланыс орнатып, екі елдің өзара тауарайналымын ұлғайту. Шараға Ақтөбе рельсарқалық зауыты да қатысады. Зауыт директоры Ербол Мергенов Кабул басшыларымен өткен жылғы көрмеден кездесіп, екіжақты байланыс орнатқандарын айтады.

«Енді Ауғанстан еліндегі теміржол көлік жүйесі қазақстандық рельстермен жүретін болады. Жаңа жолдардың табанының ені – 1520 мм. Біз Р65 табанды рельстер өндіреміз. «Afghanistan Railway Authority» компаниясымен өткен жылдың жазында келісімшартқа отырған болатынбыз. Ол жаққа биыл қыс айында көлемі 330,888 тонна болатын жүктер жеткізілді», – дейді Ақтөбе рельсарқалық зауытының басшысы.

Ақтөбе рельсарқалық зауытында шығарылатын өнімнің барлығы халықаралық стандартқа сай, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Белоруссия елдеріне экспортталып келді. Қазір бұл қатарға Ауғанстан да қосылып отыр. 

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті