Техникалық күтім бабында
Жаңалықтар
16.09.2016, 17:44
Қызылордалық белгі беру және байланыс дистанциясы еңбеккерлері тамыз айында 85 жылжымалы құрамды, жыл басынан бергі сегіз айда КТСМ құрылғыларымен 135 708 пойызды бақылап, олардың арасынан букстың қызуын 20 рет, 1 мәрте касетті букс кінәратын анықтаған.
Дистанция теміржолшылары СОБ құрылғыларына техникалық күтім жасаумен қатар Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы бес жүз шақырымға жуық телім бойында қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап келеді. Осы телімдердегі автобұғаттау құрылғылары, диспетчерлік орталықтандыру жабдықтары, кабельді магистральдық желілер, бағыттамалық бұрмалардың және КТСМ құрылғысы секілді бірнеше техникалық құрылғылар мен байланыс жабдықтарын жұмысын тәулік бойы бақылап, олардың бабында болып кідіріссіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету ұжымның басты міндеті саналады.
Дистанцияның техникалық бөлімінің маманы Татьяна Голенконың мәлімдеуінше, дистанция жұмысшыларының кінәсінен есепті мерзімде пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау жіберілмеген және де байланыстың негізгі құралдары қызметінің жабылуына жол берілмей, байланыс құрылғылары бабында жұмыс жасауда екен. Және де аталған мерзімде, байланысшы теміржолшылар кінәсінен рельстік тізбектердің істен шығуына жол берілмеген.
Дистанцияда соңғы уақыттарда Жалағаш, Қызылтам станцияларынан басқа өзге бекеттерде букстың қызуын және әр түрлі бұзылыстарды анықтайтын ескірген ПОНАБ-3, ДИСК-Б құрылғылары жаңа үлгідегі КТСМ-01Д, КТСМ-2 қондырғыларымен алмастырылып, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуы жақсартылыпты. Сонымен қатар мекемеде кешенді жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Мәселен №20, Анакөл мен Қараиірім бекеттерінде, Белкөл және Сұлутөбе станцияларында 5 данадан реверсивті ППРЗ-5000 релесінің жаңалануы, бүкіл телім бойынша ЩВП мен ПВ-ЭЦ, ПР-ЭЦ, ДГА панелі арасындағы жоғары кернеулі кабель орамдарының жай күйін ДГА ток көзінен екі фидерін өшіру арқылы тексеріп, өлшеу шаралары ұйымдастырылған. Жалағаш, Тереңөзек станцияларында бақыттамалық бұрмалардағы ауыстыруды қажет ететін электрожетектерді жаңарту жұмыстары нәтижелі атқарылған.
–Сегіз ай ішінде және тамыз айында кешенді жұмыстар жүргізілуімен бірге Шорнақ – Түркістан станцияларында БКТ блоктары жаңартылып қосылып, Бөрітескен бекетіндегі шығыс Ч1-Ч3 және ЭЦ посты арасындағы СБЗПУ-24/2 типті кабелі ауыстырылып, Бесарық станциясында ТШ-2000-ның 14 данасы ТШ-65-ке алмастырылды. Және де Анакөл мен Қызылтам бекеттерінде КПТШ трансмиттерлері ТМ блоктарымен жаңартылды. Осы жұмыстардың барлығы ұжымдағы тәжірибелі теміржолшылардың ауа-райының қолайсыз жағдайларына алдырмай еңбектенуінің нәтижесінде жүзеге асырылды, – дейді дистанцияның техбөлім маманы Татьяна Голенко.
Бүгінгі күні күзгі комиссиялық тексеруге қызу кіріскен дистанциялықтар қозғалыс қауіпсізідігінің бұзылмауына аса мән беріп, кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орында жұмыс жасауда.
Сабырхан НӘДІРБАЙҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады