Тараптар тасымалды ұлғайтуға мүдделі

Жаңалықтар
25.06.2019, 10:44

Өткен аптада Ташкент қаласында Қазақстан және Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысы өтті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрлері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, көлік және транзит, инвестициялық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, энергетика, қорғаныс-өнеркәсіптік сала, цифрландыру, туризм, мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы зор перспективаларды атап өтті.

Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысы шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев «Узбекистон темир йуллари» АҚ басқарма төрағасы Хуснутдин Хасиловпен көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ӨР арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалының көлемі 23 млн тоннадан асты, бұл 2017 жылға қарағанда 15%-ға көп. 2019 жылдың 5 айында 9 млн тоннадан астам жүк тасымалданған.

Кездесу барысында қазақстандық жүктердің Өзбекстан аумағы арқылы экспорттық тасымалында оң динамика бар екені атап айтылды. Өсім негізінен мұнай өнімдері мен астық жеткізілімдерінің артуы есебінен болып отыр.  

Тараптар темір жол көлігінде қосымша жүк ағынын тарту үшін қолайлы тарифтік жағдай жасау, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Контейнерлік тасымалды дамыту, рефрижераторлық контейнерлермен жеміскөкөністі өнімдер тасымалдау және Ресей, Иран, Ауғанстан, Транскаспийлік бағдар бойынша рефрижераторлық секциялар туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Келіссөздер барысында темір жол жолаушылар тасымалы саласындағы одан арғы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де қаралды.

Ташкентте ҚР және ӨР теміржол әкімшіліктерінің халықаралық жолаушылар пойыздарын құру қозғалысына мониторинг жүргізу, жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында министрліктер мен ведомстволардың жауапты қызметкерлері арасынан бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы $1,5 миллиардтан асатын 27 құжатқа қол қойылды. Келісімдер сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы салаларында, жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтикада ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Қазақстан Премьер-министрі А. Мамин мен Өзбекстан Премьер-министрі А. Арипов тиісті Хаттамаға қол қойды. 

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті