Отандық кәсіпорындар тапсырыспен қамтылады
Жаңалықтар
23.05.2016, 16:34
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сынды еліміздегі ірі Ұлттық компаниялар қазіргі күрделі экономикалық ахуал жағдайында отандық кәсіп иелеріне сұраныс көлемін төмендетпей, жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесе алады.
Бұл туралы кеше «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялар мен «Атамекен» ҰКП арасында кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында өзара әрекеттестік туралы келісімге қол қою рәсімінде айтылды. Қазақстандық бизнес үшін маңызды шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамындағы жүйе құраушы кәсіпорындардың аталған бағытқа жауапты басшылары қатысты. «Қазақстан темір жолы» компаниясынан корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президент Ерік Имашев құжатқа қол қойды. Бұл қадам барысында елдегі ірі өндіріс орындары мен кәсіпкерлердің ұзақ мерзімге тұрақты байланыс орнатуы, тиісінше олардың импорт алмастыру жолында жемісті ынтымақтастық жүргізуі мақсат тұтылуда.
– Экспорттың қысқаруы, шикізат көздеріне мұқтаждықтың азаюы сынды өзекті дүниелер баршамызды алаңдататыны рас. Осы орайда, жыл сайын біз өңірлерді аралап, жағдаймен жете танысуды дәстүрге айналдырғанбыз. Жергілікті кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығын қорғап, ұсыныстарын Ұлттық компанияларға жеткізуге тырысамыз. Мысалға, «Самұрық-Қазына» қорындағы сұраныстың 94 пайызы осы «Қазмұнайгаз», «Қазақстан темір жолы» сияқты 8 компанияға келеді екен. Бұл компаниялардың бәрінің биылға сатып алуы өте қомақты қаржыны көрсетуде. Осыған орай Ұлттық қордан бөлінетін 1 триллион теңгені мүмкіндігінше кәсіпкерлерге үлестірсек, ел еңсесі көтеріліп қалатыны анық. Импорт алмастыруда қажетті тауарларды бәсекеге қабілетті болатындай өзіміз өндіруге тырыссақ деген міндетті алдыға қоюдамыз. Өндірісін игеруде бизнесмендерді 4800 тауар аталымы күтіп тұр, – деді Атамекен басшысы.
ҰӘҚ еншілес компанияларымен келісімге қол қоюдың негізгі мақсаты – квазимемлекеттік секторда өткізілетін мемлекеттік сатып алулар тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін бизнеспен ынтымақтастықты жақсарту. Ұлттық палатамен ынтымақтасуға ниетті екендіктерін «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ растады. Тараптар өндірушілер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер арасында жылдық және ұзақ мерзімді шарттарды жасау, жоспарланған және өткізілетін сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларына мониторингті жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттестікте болуға келісті.
Сонымен қатар, тағы бір атап өтерлік жайт, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының ұсынысы бойынша, теміржолшылар шағын несиелеу бағдарламасында қамтылып, қосымша бизнес саласындағы кәсіпкерлік қыр-сырына оқытылмақ. Мұндай білім ертең кенеттен жұмыс орындары қысқарып жатса кәдеге жарайтыны даусыз.
Тәңірберген АРҒЫН
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды